БҰҰ миссиясы Ресей мен Украинаны әскери тұтқындарды қырып салды деп айыптайды
ЕN
БҰҰ Ресей мен Украинаны әскери тұтқындарды «тірі қалқан» ретінде пайдаланып, азаптаумен қатар оншақты адамды өлім жазасына кесті деп айыптайды.
Мониторинг миссиясының бақылаушылары 400-ге жуық адамнан – Украинада тұтқында болған Ресей азаматтарынан және босатылған украиндардан сұхбат алған. Euronews жазғандай, БҰҰ есебінде сарапшылардың Ресейде немесе басып алынған Украина территорияларында ұсталған әскери тұтқындарға қолы жетпегені айтылған.
— Біз 25-ке жуық ресейлік әскери тұтқынның және Украина Қарулы Күштерінің ұрыс қимылдарына қатысуын тоқтатқан адамдардың құжатталған жосықсыз қазасына қатты алаңдаймыз, - деді Миссия басшысы Матильда Богнер Киевте өткен баспасөз мәслихатында.
Баяндама авторлары Украина билігі 22 ресейліктің өліміне қатысты істі тергеп жатқанын, бірақ істің ешқайсысы сотқа жеткізілмегенін алға тартады. Сондай-ақ, қазір украиналық тұтқындарды өлім жазасына кесу фактісі бойынша Ресейдің қандай да бір тергеу әрекеттері туралы ақпарат жоқ.
— Сонымен қатар біз Ресей күштері тұтқындаған 15 украиндық тұтқынның сотсыз өлім жазасына кесілуіне қатты алаңдаймыз. 11 жағдайда мұндай әрекеттерді Вагнер тобы жасаған,- дейді Матильд Богнер.
Баяндамада сондай-ақ азаптау немесе қатыгездік салдарынан украиндық әскери тұтқындардың бес өлімі, сондай-ақ қамауда болған кезде медициналық көмектің жоқтығынан төрт өлім тіркелген.
АУКЖК есебі 400 әскери тұтқынға жүргізілген сауалнамаға негізделген, олардың 142-сі украиндық. Ал 258-і Украина тұтқынынан босатылған ресейлік әскери қызметшілер.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бақылау миссиясының Ресейде немесе Ресей Қарулы Күштері бақылауындағы аумақта тұтқында жатқан әскерилерге қол жеткізе алмайтынын атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық