Бұрынғы тергеуші Алматыда есірткімен ұсталды
Фото: Orda.kz дереккөздері ұсынды
Алматыда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі әйелді гашиш пен мефедронмен ұстады. Олардың бірі жуырда ғана ішкі істер органдарында жұмыс істеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Orda.kz дереккөзінің мәліметінше, күштік құрылымдардың тінтуі кезінде олардан 3,5 келіге жуық есірткі табылды. Сонымен қатар, ұсталғандардың бірінен қызметтік куәлік табылған.
«Жалдамалы пәтерге тінту жүргізіліп, есірткі заттары тәркіленді. Олардың нақты шығу тегі мен кімге тиесілі екенін сот-химиялық сараптама анықтайды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мән-жайлар анықталуда», деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.


Бізге тінту сәтінен түсірілген кадрлар да түсті. Фототағы қызметтік куәлікке қарағанда, ұсталғандардың бірі Қарағанды полициясында тергеуші болып жұмыс істеген. Алайда, Қарағанды облысының полиция департаменті «ұсталған В.Елена 2024 жылдың 29 тамызында өз еркімен жұмыстан шыққанын» мәлімдеді.
Бұл – полицейлердің есірткі саудасымен айналысқаны туралы алғашқы оқиға емес. 2022 жылдың мамыр айының соңында Ақтөбеде қалалық полиция бөлімінің қызметкері ұсталған болатын. Погондағы дилер қылмыстық істер бойынша айғақ ретінде алынған есірткі заттарын ұрлап, сатумен айналысқан. Ол бірден екі бап бойынша сотталды, есірткі сату және қызметтік жалғандық жасау.
Жаңалықтар
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға