Бұрынғы спорт министрінің ағасы жұдырық ала жүгірді
Фото: Kris_p_astana Telegram-арнасындағы бейнеден кадр.
Атырауда бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың ағасы Ерік Маржықпаев жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионатында жанжал шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Ақтауда өткен жастар арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатында болды. Төрешілер шешімімен келіспеген бапкер Ерік Маржықпаев төрешіге бірнеше соққы жасаған.
Жанжалдың әрі қарай ушығып кетпеуіне екі мәрте Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов кедергі жасапты.
Қызығы сол, осыдан 7 жыл бұрын да Ерік Маржықпаев басқа турнирде де төрешіні ұрып, шеттетілген еді. Ол кезде бапкер өз ұлының жекпе-жегінде әділетсіз шешім қабылданды деп есептеген.
Оқиға болғаннан кейін Маржықпаев сабасына түсіп, төрешілерден кешірім сұраған. Қазақстан бокс федерациясы оқиғаға байланысты атқару комитеті отырысын өткізіп, Ерік Маржықпаевты 2 жылдық мерзімге жарыстарға қатысудан шектеген.
«Жиын қорытындысы бойынша Ерік Маржықпаев бапкерлерге, төрешілерге және турнир ұйымдастырушыларына құрметсіздік танытып, Қазақстан Республикасының спорттағы этикасын бұзғаны үшін 2 жыл мерзімге жергілікті, республикалық және халықаралық бокстан жарыстарға қатысу құқығынан шеттетілді», деп нақтылады ведомство.
Айта кетейік, Ерік Маржықпаевтың інісі, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ермек Маржықпаев биыл тамыз айында қызметінен босатылған. Артынша,Ермек Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық