Бұрынғы қалыңдығын ұрып өлтіріп, мәйітінің қасында ұйықтап қалған ер адам сотталды
Фото: Kloop telegram
Қырғызстанда бұрынғы қалыңдығын аяусыз ұрып өлтіріп, мәйітінің қасында ұйықтап қалған ер адам 15 жылға сотталды, деп Orda.kz хабарлайды.
Бішкектің Первомай аудандық соты 13 наурызда Кирилл Дамировты бұрынғы сүйіктісін қатыгездікпен өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырды .
Kloop телеграм-арнасының мәліметінше, 39 жастағы Айжан Алықұлова 2024 жылғы ақпанда Бішкектегі өз пәтерінде өлі күйінде табылды. Жалғыз күдікті — Айжанның бұрынғы бірге тұрған күйеу жігіті Кирилл Дамиров.
Адвокаттардың айтуынша, әйелдің бетіне, басына, қабырғасына ұрып-соғып, тепкілеген, буындырған және шашынан сүйреген. Марқұмның денесінде көптеген жарақат болған, бірақ өлімнің басты себебі мидың ісінуі болып анықталды.
Марқұм келіншек 39 жаста болған, артында 13 жастағы ұлы қалды. Ол Кириллмен өлерінен бірнеше ай бұрын танысқан. Анасының айтуынша, олардың қарым-қатынасы «тым жылдам өрбіді», ал көп ұзамай ер адам Айжанның пәтеріне көшіп келген.
«Айыпталушы өзін-өзі қорғағанын алға тартады. Айтуынша, Айжан оның үстіне шығып алып, астында жатқан Кирилге соққы жасаған екен. Алайда, сарапшы бұл мәлімдемені жоққа шығарды. [...] Айыпталушының нұсқасы бойынша, араларында жанжал шығып, төбелес басталған, ол өзін қорғамақ болған, содан кейін ұйықтап калған», – деген еді Айжанның отбасының адвокаты Индира Саутова.
Оның айтуынша, айыпталушы өмірлік маңызы бар ағзаларға зақым келтіріп жатқанын және ол әрекеті өлімге әкелетінін түсінуі мүмкін еді.
Саутованың сөзінше, Айжанның ісі – Қырғызстандағы тағы бір әйелдің өлімі. Ол бұл оқиғаны Қазақстандағы Салтанат Нүкенованың атышулы өлімімен салыстырады, себебі олардың өліміне себеп болған жағдай бірдей – басынан бірнеше рет ұру салдарынан мидың ісінуі.
«Айжанның ата-анасы оның азапталғанын айтты. Оны түні бойы ұрып-соғып, ешқандай медициналық көмек көрсетпеген. Оқиғаның себебі мен жарақат сипаты Салтанаттың қылмыстық ісімен өте ұқсас», – дейді Саутова.
Дамиров сотта кінәсін тек жартылай мойындап, үкімге шағым түсіруі мүмкін. Алайда, соңғы сөзінде Айжанның отбасынан кешірім сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық