Бұрынғы депутат елордада рұқсатсыз үйлер салып жатыр
Фото: Orda
Премьер-министр мәслихаттың бұрынғы депутаты Ғабит Сәтмағамбетов басқаратын G-Park құрылыс компаниясының проблемалық нысандарына қатысты сөз қозғады.
Олжас Бектеновтің айтуынша, құжаттама мәселесіне байланысты салынып жатқан көптеген нысандарға қауіп төніп тұр. G-Park да рұқсатсыз үй салатын компаниялардың тізімінде.
«Елордада G-Park компаниясы рұқсатсыз жеті тұрғын үй салуда. Оларға 3,5 мыңға жуық отбасы ақшасын салған. Сонымен қатар, Астанада Араби-2, Гранитный-2 тұрғын үй кешені осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын проблемалы деп танылған. 200-ге жуық отбасы баспана ала алмай жатыр»,- деді Үкімет басшысы.
Жалпы, индустрия министрлігі ел бойынша заңсыз салынған 340-тан астам тұрғын үй кешенін есептеді. Бектенов бұл ең алдымен әкімдіктердің кемшілігі деп атады.
Ұзақ мерзiмдi құрылыс жобалары бойынша шешiлмей отырған мәселенi ескере отырып, премьер-министр индустрия министрлiгi мен әкiмдiктерге маусым айының басына дейiн құрылыс салушыларды құрылыстың заңдылығы мен құжаттамасының бар-жоғын тексерудi тапсырды. Сондай-ақ, барлық үйлердің пайдалануға берілуін қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық