Бұрынғы әйелін жалаңаш видеомен бопсалаған ер адам сотталды
Фото: Healthcurity
Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін жуынатын бөлменің терезесінен видеоға түсіріп бопсалады.
Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Олар бұрын некеде болып, кейін ажырасқан. Араларында кәмелетке толмаған 5 бала бар. Сот шешімі бойынша 5 бала анасының қамқорлығында қалды.
Ажырасқаннан кейін ер адам бұрынғы әйелінің тұрып жатқан жеріне рұқсатсыз кіріп, жуынатын бөлменің терезесінен видео түсірді.
Келесі күні бұрынғы жұбайын нотариусқа шақырып, осы видеолармен бопсалап, ортақ үйлерінің жарты құнын беруді талап етті. Бас тартқан жағдайда бейне жазбаны әлеуметтік желілерге таратамын деп қорқытты. Жәбірленушіні қолхат жазуға мәжбүрлеп, озбырлық жасады.
«Сот отырысында жәбірленуші сотталушының тергеу барысында және сот үкімі шыққаннан кейін құқық қорғау органдарының оған және оның балаларына жақындамау туралы бұйрығына қарамастан, тыныштық бермеді. Оның соңынан еріп, балағат сөздер айтты. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ішкі істер органдарымен сотталғанға қатысты өз баласын өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқаны анықталды» делінген хабарламада.
Баяндалғандарды ескере отырып, үкім өзгертілді: ҚК-тің 389-бабының 3-бөлігі бойынша сотталған азамат 1,5 жылға нақты бас бостандығынан айырылды. Ол сот залынан дереу қамауға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық