«Бұрынғы әйелін азаптаған»: Рудный тұрғыны екі жылға сотталды
Фото: depositphotos
Қарағанды облысында Рудный қаласының тұрғыны бұрынғы әйелін азаптап, ұрып-соғып келгені үшін 2 жылға сотталды.
Бұл туралы Қарағанды облыстық соты хабарлады.
Айыпты 2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың сәуіріне дейін бұрынғы әйелі Б.-ға үнемі физикалық және психикалық азап көрсетіп келді. 2024 жылдың 4 сәуірінде ол бұрынғы әйелінің бел омыртқаларын сындырды. Бұл сот-медициналық сараптама қорытындысымен орташа ауырлықтағы зиян екені анықталды.
Прокурор айыпты С. есімді азаматқа қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Айыпталушы С. өз кінәсін мойындамады. Ал жәбірленуші Б. жазаны сот қарауына қалдырды.
Сот айыптыға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Сондай-ақ, сотталған С.-дан жәбірленуші Б.-ның пайдасына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 3 000 000 теңге алынады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады
- Павлодарда полицей әйелдің денесін өртеп жіберген
- Екі кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан: Иран әскери-теңіз күштері оларды ұстады
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады