Бұрын пара үшін сотталған шенеунік Хоккей федерациясын басқаруға кірісті
Фото: primeminister.kz
Бұрын сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Сәкен Мұсайбеков Қазақстан хоккей федерациясының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
57 жастағы шенеунік бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігінің (қазіргі Спорт және туризм министрлігі) вице-министрі қызметін атқарған. Ол 2021 жылы Астана әуежайында Дубайға ұшқалы тұрған жерінен ұсталған еді. Тексеру барысында одан әйелдерге арналған Hermes сөмкесі мен 5 мың доллар тәркіленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Мұсайбеков 15 мың доллар көлемінде букмекерлік қызмет саласында «қамқорлық көрсеткені» үшін пара алғанын мәлімдеді. Алайда бұл істі кейін «Пара алу» бабы емес, «Алаяқтық» бабына ауыстырды, себебі оның ұсынған «қамқорлығы» құзыретіне кірмейтін болып шықты.
Сот Мұсайбековті кінәлі деп танып, 62 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды. Бірақ оған берілген мемлекеттік наградалар мен мүліктер, соның ішінде Mercedes-Benz S-class көлігі өзінде қалды. Тек ұсталған кезде табылған ақшасы мен Hermes сөмкесі тәркіленіп, аксессуар кейін аукционда 4,5 миллион теңгеге сатылды.
Енді Мұсайбеков қоғамда дау туғызған оқиғаларға қарамастан, спорт саласындағы жоғары лауазымға қайта оралып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық