Бурабайда асық атудан оқу-жаттығу жиыны өтуде
Фото: ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Бурабайда асық ату мен бес асықтан Қазақстан құрамасының кезекті оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
25 шілдеге дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиыны Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша республикалық олимпиадалық даярлау орталығында өтуде.
«Осындағы оқу-жаттығу жиынына Астана, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан облыстарынан келген ұлттық құрама мүшелері жиналды, мұнда спортшыларды V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалу үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жарыста жақсы өнер көрсетіп, жеңіске жету үшін бар күш-жігерімізді саламыз», - дейді асық атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы.

Бұл жыл басынан бері Асық атудағы төртінші оқу-жаттығу жиыны. Соңғы оқу-жаттығу жиынын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында Астанада өткізу жоспарлануда.
Республикалық асық ату федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы құрамына кіреді. Сонымен қатар, қауымдастықтың құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, тоғызқұмалақ, JORYQ және т.б. федерациялар кіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Сәлжанов жетекшілік етеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық