«Бұл жай ғана қорғаныс қабылетін көрсету емес» - министрлер кабинетінің мүшелері мен депутаттар шеруге екі миллиард теңге жұмсалғаны туралы сұраққа жауап берді
Фото: Orda.kz
Елордада «Қазақ елі» алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру басталды. Трибунаға еліміздің барлық өңірлерінен ардагерлер, ресми делегациялар жайғасты. Құрметті қонақтар арасында Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысы То Лам бар.
Оқиға орнындағы жағдай туралы Orda.kz журналисі хабарлайды.
Алаңдағы жағдай - салтанатты. Қауіпсіздікті Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері қамтамасыз етеді. Аумақта жедел жәрдем көліктері кезекшілікте тұр.

Кіреберісте қарбалас байқалды: мемлекеттік күзет қызметкерлері бастапқыда аккредитацияның болуына қарамастан, түсірілімге кедергі келтірді. Кіреберісте кезек пайда болды. Кейінірек адамдарды жіберіп, ауыз су таратылды.

«Бұл жай ғана әскер күшін көрсету емес»
Қатысушылар мен көрермендер өз орындарын алып жатқанда, біз олардың шеруге деген көзқарасын білу үшін үкімет пен парламент өкілдерімен әңгімелестік.


Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев шеру өткізу - аға ұрпақтың ерлігін құрметтеудің белгісі деп санайды.
«Мен бұл мерекені өте қатты бағалаймын. Бүгінгі парад бірден екі маңызды күнге - Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналады. Бұл біздің халқымыздың Жеңіске қосқан үлесін көрсетеді. Көрермендер үшін хабар тарату баршаға қолжетімді болуы үшін көптеген алаңдар қарастырылған».

Күрделі геосаяси жағдайда бүгінгі іс-шара Қазақстанның өзінің қорғанысын қамтамасыз етуге қабілетті екенін көрсетеді, деп атап өтті мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов.
«Бұл шеру - жай ғана әскери қоғаныс күшін көрсету емес. Күрделі геосаяси жағдайда ол Қазақстанның өзінің қорғанысын қамтамасыз етуге қабілетті екенін көрсетеді. Бұл саяси тұрғыдан маңызды. Әрине, ұрпақтың мерекенің рухын көріп, сезінулерін қалаймыз. Бұл патриоттық тәрбиенің бір бөлігі. Бұл ретте қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс».
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да жауап берді.
«Мұқият дайындалғанымыз айдан анық. Мереке қаражатпен өлшенбейді. Жылу желілерін ауыстырамыз, ал естелік қалдырып, мерекені атап өту маңызды».
Астанада өтетін шеруге дайындық пен оны өткізуге екі миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Жеңіс күніне арналған шеруді қайда және қашан көруге болады?
Тікелей эфир сағат 10: 45-тен бастап республикалық телеарналарда, Астана мен облыс орталықтарындағы LED-экрандарда, сондай-ақ Ақорданың Facebook, YouTube және Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық