Британдық әскерилер ханзада Гарриді сатқындық жасады деп айыптады
Ханзада Гарри өзінің Ауғанстанда болған және басқа да естеліктерін «Spare» автобиографиялық кітабында жариялауды ұйғарғалы бері наразылықтар мен ескертулердің астында қалды. Оған британдық әскерилер қатты ренжулі.
Британдық әскерилер ханзада Гарриді берген сұхбатына орай, сатқындық жасады деп айыптады. Олар ханзада не істегенін түсінбейді, жариялануға тиісті емес әскери құпияны ашты деп отыр.
Британдық бұрынғы және қазіргі әскери қызметкерлер ханзада Гарриді Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүрген кезінде жасаған кісі өлтіру фактілері туралы әшкерелегені үшін сынап, оны сатқындық жасады деп айыптады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Бұл туралы жұма күні британдық бірнеше басылым жарыса хабарлады.
Осылайша, The Times 2003 жылы АҚШ пен Ұлыбританияның Иракқа басып кіруіне қатысқан полковник Тим Коллинздің сөздерін келтіреді. Ол ханзада Гарри лайықсыз кеңес алды және өзін тым аңғал ұстайды деген пікір білдірді. Себебі ханзада бұл тақырып бойынша өзінің естеліктерін «Spare» автобиографиялық кітабында жариялауды ұйғарды.
— Армия бұрын не болғанына қарамастан оны өз құрамына қабылдады. Енді ол өзінің отбасына опасыздық жасағандай, бұл сенімге де опасыздық жасады. Менің ойымша, ол мүлдем қате қылық. Ол не істеп, не қойғанын түсінбейді. Оған шын жанашыр адам керек, ақша табуға үгіттейтін емес, шынайы бағыт көрсететін адам керек, - деді Коллинз басылымға.
Сонымен қатар ол Ұлыбритания өз әскерін Ауғанстанға «адамдарды өлтіру» үшін емес, «Ауғанстанның заңды үкіметі мен халқын қорғау» үшін жібергенін баса айтты.
Қорғаныс штабы бастығының бұрынғы көмекшісі генерал-майор Джонатан Шоу да ханзада Гарридің әшкере жазбасын айыптай сөйледі.
— Нағыз сарбаздар адамдарды өлтіру себептерін айтпайды. Гарридің пікірлері жазылмайтын қағидатты бұзады. Мен ол өзінің PR тобының ашкөздігінің құрбаны болды деп ойлаймын, - деді бұрынғы сарбаз Daily Mail басылымына.
Ауғанстандағы әскерлерді басқарған отставкадағы Британ армиясының полковнигі Ричард Кемп Сассек герцогінің мұндай мәлімдемелері Ұлыбританияның бейбіт тұрғындары мен мүшелеріне қарсы лаңкестік әрекеттер жасау қаупін арттыруы мүмкін екенін ескертті.
— Оның сөздерін ваххабилік насихат пен бағыт ұстанушылар Ұлыбританияға қарсы шабуыл жасау үшін пайдалануы мүмкін, - деді ол The Daily Telegraph басылымына.
Аталған кітапта, Ұлыбритания әскерінде 10 жыл қызмет еткен ханзада Гарри Ауғанстанда 25 Талибан (ҚР-да тыйым салынған) жауынгерін өлтіргенін, ол жерде Апачи тікұшағының екінші ұшқышы болғанын жариялаған.
The Daily Telegraph ақпарат көздері өз кезегінде ханзада Гарридің мінез-құлқы, соның ішінде оның БАҚ-қа берген сыни сұхбаттары өткен жылдың қыркүйек айында 96 жасында қайтыс болған Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға кері әсер еткенін айтады.
Сонымен бірге The Times кітаптың өткен жазда дайын болғанын жазады, бірақ ханзада Гарри бір сәтте оны басып шығару туралы шешімін өзгертті, бұл ол үшін төленген бірнеше миллион долларлық аванстық төлемді жоғалту қаупін тудырды.
Баспа үйіндегі газет дереккөзіне сенсек, оның негізгі себебі - патша отбасы оған осы кітапқа байланысты «патшайымның көзі тірісінде жарияланбасын» деген ультиматум қойған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық