Британ парламенті Украинадағы аштықты геноцид деп таныды
Британ парламенті Қауымдар палатасының депутаттары 1930 жылдардағы Украинадағы аштықты украин халқының геноциді деп тану шешімін бірауыздан қолдады.
Мәселені дауысқа салуға Ұлыбританияның консервативті партиясының депутаты Полин Летам бастамашы болды. Оның айтуынша, бұл шешім Ресей президенті Владимир Путинге оның Украинаға ашқан соғысына байланысты жолдау болуы керек.
«Кеңес одағы миллиондаған украиндықты аштыққа ұшыратып, мәжбүрлеп қоныстандыру арқылы жойды, бұл Украинадағы бүгінгі оқиғаларды еске түсіреді. 30-жылдардағы Сталин бүгінгі Путин сияқты украин халқын және болмысын жойғысы келді», - деді депутат.
Украинаның Жоғарғы Радасы бұл аштықты украин халқына қарсы геноцид деп жариялады. Аштан қыруды украин халқының геноциді деп ресми мойындаған елдер қатарында АҚШ, Канада, Австралия, Португалия, Мексика, Бразилия, Франция, Исландия елдері бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық