Британ билігі Ресеймен жұмыс істеген Қазақстан фирмаларына санкция салады
Фото: Elements.envato.com
Британ билігі Қазақстан фирмаларын Ресеймен жұмыс істегені үшін санкциялармен қорқытуда. Бұл компаниялар жеткізілімдерге, активтерге және батыс банктеріне қолжетімділіктен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда жұмыс істейтін компанияларға Ресейге қарсы санкцияларды бұзу қатері туралы арнайы нұсқаулық жариялады. Бұл құжат бизнес өкілдеріне санкция салынған ресейлік әріптестермен қарым-қатынас жасаудың құқықтық салдарын түсінуге және «қара тізімге» еніп кетуден сақтануға көмектесуге арналған.
«Санкцияларды айналып өтуге талпыныстар — мысалы, үшінші елдерден тауар сатып алып, кейін қайта экспорттау — активтердің бұғатталуына, банк және логистикалық қызметтерден бас тартуға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін» деп жазылған құжатта.
Нұсқаулықта «британдық тұлғаларға» – Ұлыбритания юрисдикциясына бағынатын азаматтар мен компанияларға, тіпті олар ел аумағынан тыс жұмыс істеп жатса да – ерекше назар аударылған. Мұндай құрылымдармен әріптестік орнатқан қазақстандық фирмалар да санкция қатеріне ұшырауы мүмкін.
Құжатта сондай-ақ, Ресеймен байланысы немесе түпкілікті алушысы санкциялық тізімге енген тұлғалар екенін дәлелдей алмаған компаниялар автоматты түрде «тәуекелі жоғары» санатқа жатқызылатыны айтылған. Бұл өз кезегінде олардың батыс нарықтары мен жеткізілім арналарына қолжетімділігін жоғалтуына әкеп соғуы мүмкін.
Бұған дейін біз АҚШ-тың санкцияларды Қазақстан арқылы айналып өту жағдайларын бақылау үшін арнайы топ құру мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазғанбыз. Бұл шешім Ресей компанияларының тыйым салынған өнімдерді өңірдегі делдалдар арқылы сатып алуды жалғастырып жатқанына алаңдаушылық ретінде Вашингтонда талқылануда.
Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар бұған дейін де бірнеше рет санкцияларға іліккен. Мысалы, Еуропалық Одақтың 16-санкциялық пакетіне Kazstanex және «Металлстан» ЖШС енгізілген. Бұл фирмалар Ресейге әскери және қосарлы мақсаттағы жабдық жеткізді деген күдікке ілінген. ҚР Сауда министрлігінің мәліметінше, аталған компаниялар жұмысын тоқтатпаған, бірақ қызмет бағытын өзгерткен.
Алматыдағы Kazstanex компаниясы бірден үш санкциялық тізімге – ЕО, АҚШ және Ұлыбритания тізімдеріне енген. Ол Батыс елдерінен Ресейге жүйелі түрде станок тасыды деген күдікке ілінген. Ұлыбритания билігі бұл әрекет Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыруға ықпал етуі мүмкін екенін мәлімдеген.
Биылғы жылғы сәуір айының ортасында АҚШ президенті Ресейге қарсы санкциялар пакетін бір жылға ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Бұны АҚШ Федералдық тізіліміндегі құжаттардан көруге болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық