BRICS елдері БҰҰ реформасын талап етеді
BRICS жаһандық басқару құралдарын жақсарту үшін БҰҰ-н реформалауға шақырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында БРИКС-ке мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Онда БҰҰ-ны реформалау мәселесі де көтерілді. Кездесу барысында елдердің министрлері барлық елдерге жаһандық үдерістерге қатысуға мүмкіндік беретін реформаларды талқылады.
«Министрлер жаһандық басқару институттары мен құралдарын анағұрлым инклюзивті, өкілді, қатысушы және демократиялық ету үшін көпжақты жүйені, әсіресе БҰҰ мен оның негізгі органдарын нығайту мен реформалауға бейілділіктерін қуаттады» деп келтіреді Anadolu министрлердің қорытындыларын.
Қауымдастықтың сыртқы істер министрлері реформа дамушы және аз дамыған елдерге, әсіресе Африка елдеріне жаһандық шешімдер қабылдау процестері мен құрылымдарына қатысуға мүмкіндік беруі керек деп санады.
Сонымен қатар, БРИКС мүшелері бұлыңғырлық, кемсітушілік және протекционизмді жеңу үшін Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мен Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) реформалауға шақырды.
20-27 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы өтуде.
BRICS (БРИКС) — қысқаша Brazil, Russia, India, China, South Africa) — бес елдің мемлекетаралық қауымдастығы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық