Бразилия футбол королі Пелемен қоштасуда
Пелемен қоштасу оның туған қаласы Сантостағы стадионда өтеді. Ал, футболшының туыстары оның жерлейтін орнын өзгертуге шешім қабылдаған.
«ФК Сантос» аренасы трибунасында аты аңызға айналған ойыншының денесі салынған табыт орналасқан, алаңның ортасына шатыр орнатылып, «Футбол королі жасасын!» және «Пеле 82» деген жазуы бар алып баннерлер ілінген.
Қоштасу бір күнге созылады, содан кейін Пелені Сантос көшелерімен алып өтеді. Стадиондағы жанкүйерлер мен табыттың арасы небәрі жеті метр. Еске алу кешіне 1 қаңтарда ант қабылдаған Бразилия президенті Лула да Силва да қатысады деп күтілуде.

Еске салайық, Пеле 29 желтоқсанда Сан-Паулу қаласындағы жеке клиникалардың бірінде тік ішектің үдемелі ісігінен қайтыс болды. Бразилияда үш күндік қаралы күн жарияланды. Футболшының анасы тірі, Сантоста тұрады, ол 100 жаста.
Пеле Сантоста орналасқан - дүниедегі ең биік зираттың тоғызыншы қабатындағы жерленуді қалаған. Ол бұл жерден спорттық мансабын бастаған стадионды «көріп жататынын» айтқан болатын.
Дегенмен, танымал бразилиялық G1 порталының хабарлауынша, отбасы логистикалық себептерге байланысты болжамды жерлеу орнын ауыстырған, сондай-ақ Пеле бейітіне зиярат ету зираттағы тәртіпті бұзады деп қауіптенген. Олар жерлеу қабатын тоғызыншыдан біріншіге ауыстырғылары келеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық