БҚО-ның жаңа әкімі Кублей ісі туралы пікірімен бөлісті
Orda.kz коллажы
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «Кублей» консерві зауытының Орал әкімдігіне қатысты ісі сотта шешілетінін айтты.
Төреғалиев «Кублей» зауыты мен әкімдік мәселесі көптен бері көтеріліп келе жатқанын, ол туралы өзі сенат депутаты болған кезде айтқанын еске салды.
«Мен жағдайды жақсы білемін. Міне, екі жеке компанияның дауына ақыры халық араласты. Адамдар туралы айтатын болсам, араларында баспана аламын деп үміттенгендер болды», - деді ол.
Әкімнің айтуынша, құрылыс компаниясы 2022 жылы Циолковский шағын ауданында қала ішіндегі «Кублей» серіктестігі зауытының жанынан 380 пәтерлік төрт тұрғын үй құрылысын бастаған.
«Сол кезде осы дау басталған болатын. Бұл 380 пәтерлі төрт үй. Бүгінгі таңда екеуі салынып бітті, біреуі толық, екіншісінің 70 пайызында тұрғындар бар, қалған екі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл үйлерде тұратындардың көпшілігі баспананы несиеге алған. Мен үшінде Кублей облысымыздағы ең ірі өндіруші, екіншіден, салық төлеуші, олардың ұстанымы да түсінікті. Өйткені, біз бизнесті де, екінші жағынан халықты да қолдауымыз керек», - деді Төреғалиев.
Әкім соңғы сот шешімі тұрғындардың пайдасына шығарылғанын атап өтті.
«Сот шешіміне қатысты пікір айта алмаймын. Бірақ «Кублей» компаниясының Жоғарғы сотқа шағымданбақшы екенін білемін. «Кублей» компаниясының басшылығымен және құрылыс компаниясымен кездестім. Сонда мен: «Неге бұл мәселені келіссөз арқылы шешпейсіздер?» деп сұрағанмын. Дегенмен іс осылай өрбіді, сот шешімі бар, алдағы уақытта сот шешімі аясында шаралар қабылданатын болады», - деді Төреғалиев.
«Кублей» ЖШС не үшін күресіп жүр? Егер адамдар зауыттың санитарлық-қорғау аймағында тұратын болса, онда өндіріс 2024 жылға жаңа санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды ала алмайды. Демек, қандай да бір жұмысқа рұқсат туралы сөз болуы мүмкін емес. Сонымен қатар, «Кублей» өнім өндірісіне, ал Қазақстан отандық өндірушіге сәйкестік сертификаттарынан айырылады.
Неліктен әкімдік жауапкер болды? 2019 жылдың қазан айында қол қойылған Циолковский көшесі, 1 үйінің егжей-тегжейлі жоспары (ПСЖ) арқасында тұрғын үйлердің құрылысы басталды. 2020 жылдың шілде айында қала әкімдігі алаңның мақсатын өндірістік ғимараттарды күтіп ұстаудан - көппәтерлі үйлер салуға өзгертті.
Іс Жоғарғы Сотқа жетіп, ол жерден бірінші сатыдағы сотқа қайтарылды. Одан кейін Батыс Қазақстан облысының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасының шешімімен Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әлі де шешім шығаруды талап етті.
Соңғы рет 2023 жылдың 14 сәуірінде сот «Кублей» ЖШС-нің шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Сондықтан, ЖШС Жоғарғы Сотқа талап-арыз берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық