БҚО-да су басу жағдайы қиындай түсті
«Қазгидромет» РМК-нан Дерқұл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі туралы шұғыл ескерту түсті, деп хабарлайды БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жергілікті жерлерде кезекшілік ұйымдастырылған. Су нысандарына мониторинг жүргізілуде. Гидробақылау екі сағат сайын жаңартылып отырады.
«Облыс әкімінің орынбасары Балтаевтың жетекшілігімен облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының шұғыл отырысы өтті. Комиссия облыс орталығынан Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерін ұсыну туралы шешім қабылдады» делінген хабарламада.
Жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Тасқала ауданындағы Тасқала ауылына және Бәйтерек ауданындағы Зеленое ауылына құтқару бөлімшелері мен техника жеткізілді, Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды хабардар етті.
11 наурыз күні таңертең Орал қаласында түрлі нысандардың жертөлелерін су басу бойынша 10 жағдай, жеке тұрғын үйлердің іргелес аумақтарын су басу бойынша 13 факті тіркелді. Орын алған апат салдарынан ешкім зардап шекпеген, мал басқа жаққа айдалған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық