БҚО әкімі киіктерге қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев елдің батысында саны миллионнан асып кеткен киіктер туралы айтты. Астанада өткен брифингте БҚО әкімі қазір ақбөкендердің саны шамамен 1,5 миллионға жеткенін мәлімдеді.
«Нақты санақ бірнеше күннен кейін аяқталады. Диқандарымыздың алаңдаушылығын түсінемін. Мен оңтүстіктегі төрт облысты түгел араладым. Тұрғындармен кездестім, олар киіктердің фермерлерге зиянын тигізетінін айтты. Олардың санын реттеуге құқымыз жоқ. Дүние жүзіндегі киіктердің 95 пайызы Қазақстанда. Бұл жойылып бара жатқан түр. Біз енді шаруалармен, тұрғындармен бір шешімге келуіміз керек. Сарапшылар күзде Ташкентте болады, халықаралық мәселелерді талқылайды. Тек күту керек», - деді әкім.
Айта кетейік, бұл мәселені шешуге көмектесу үшін Қазақстанға халықаралық сарапшылар шақырылған. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшылары шенеуніктерден асығуды сұрайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық