Бозымбаев су тасқыны салдарынан келтірілген шығынды өтеу алгоритмін әзірлеуге екі күн уақыт берді
Фото: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны салдарынан келтірілген шығынды өтеу алгоритмін әзірлеуге екі күн уақыт берді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев мүдделі министрліктерге екі күн ішінде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген маңызды мүліктердің орнын толтыру алгоритмін әзірлеуді тапсырды. Мұндай мүліктің тізбесіне тамақты сақтауға және дайындауға арналған заттар, тамақтануға арналған жиһаздар, ұйықтауға арналған жиһаздар, азаматтарды хабардар ету құралдары, сумен жабдықтау және жылыту құралдары кіреді. Бұл өтемақы төлеуді жергілікті атқарушы органдар бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар есебінен жүзеге асырады» делінген таралған хабарламада.
Атап өткендей, Үкімет бұған дейін су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттен қандай көмек күтетіні туралы жадынама жариялаған болатын.
«Сонымен қатар, Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде егіс алқаптарының иелері мен судың жоғарылауынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржылай көмек көрсету алгоритмі әзірленеді» деп толықтырды министрлер кабинеті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық