Бозымбаев пен Ақышев «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі құрамынан шықты
Фото: ашық дереккөзден
Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының (KASE) сайты.
Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының KASE-ге хабарлауынша, жалғыз акционердің 2022 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен «Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілген.
Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев директорлар кеңесінен шығарылды. Орнына Тимур Сүлейменов сайланды.
Енді қордың директорлар кеңесіне алты адам кіреді: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Әлібек Қуантыров, Алмасадам Сәтқалиев және Тимур Сүлейменов.
Айта кетсек, 2021 жылдың қарашасынан бері Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі қызметін атқарса, Данияр Ақышев 2019 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалған болатын.
Тимур Сүлейменов 2021 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық