«Ботқадағы жәндіктер»: Ақтөбе облысындағы бақшаның қызметкерлері жұмыстан қуылды
Фото: Видеодан алынған кадр
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы «Самал» балабақшасында балаларға ішінде жәндіктері бар ботқа берілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Осы жағдайдан кейін бақша қызметкерлері жұмыстан қуылды.
«Балабақша меңгерушісі, аспазшы және медбике қызметінен босатылды» деп хабарлады Ақтөбе облысының білім басқармасы.
Ведомство балаларға ботқа беру жәндіктер табылған бойда тоқтатылғанын мәлімдейді.
Қандыағаш қаласындағы «Самал» бөбекжай-бақшасы 320 балаға есептелген екен. Қазіргі уақытта оған 210 тәрбиеленуші келеді.
Балабақша мен кәсіпкер арасында 2024 жылғы 4 маусымда №10 шарт жасалған. Кәсіпорын сұлы ботқасының өнімдерін 2024 жылғы қарашада бөбекжайға әкелген. Оның жарамдылық мерзімі 18 айды көрсетіп тұр.
Қазіргі уақытта білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық