Босқын мәртебесін талап еткен ауған азаматы жүк көлігінің астына түспек болды

cover

Белорусь мемлекеттік шекара комитеті Латвия шекарасында жүк көлігінің астына түспек болған ауғандық босқынның видеосын жариялады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Оқиға 3 қыркүйек Ауғанстаннан 15 мигрант келген Григоровщина-Патерниеки өткізу бекетінде орын алған. Олар Латвияда босқын мәртебесін беру туралы оныншы рет өтініш беруге тырысқан.

Мәселесі шешілмеген босқын Латвиядан Беларусь аймағына кетіп бара жатқан жүк көліктің астына секірген. Ол осылайша ауған босқындарды қабылдағысы келмеген латвиялықтардың назарын аударуға тырысқан.

Белорусь шекара қызметінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, жүк көлігін тоқтатып үлгерді, ауғандық босқын аман қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар