Бортсерікті ұрып, бомба жайлы «мәлімдеген» жолаушы сот алдында ақтала алмады
Фото: Informburo.kz
Fly Arystan ұшағының бортында бортсерікті соққыға жығып, бомба туралы жалған мәлімдеме жасаған жолаушыға апелляциялық сот үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 13 қаңтарда Астанадан Өскеменге бағыт алған рейсте болған. Мас ер адам бортсерікті және тағы бір жолаушыны соққыға жықты. Сонымен қатар ол бортта бомба барын «мәлімдеп» жолаушыларды дүрліктірді. Кейін ұшақтан 153 адам эвакуацияланды.
Ер адам «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін» және «Бұзақылық» баптары бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда ол сот шешімімен келіспей, апелляциялық сотқа жүгінген. Апелляциялық шағымда сотталушының адвокаты бас бостандығынан айыру жазасынан басқа жаза қолдануды сұрады.
Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа сотталғанға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот актісі заңды күшіне енді.
Еске салайық, бүгін, 7 сәуір күні Алматыда ұшқыш дауыл мен жауын шашынның әсерінен апатты жағдайда қалған ұшақты аман-есен қондырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық