Боранда жол сілтеген Қостанайлық полицей медальмен марапатталды
Қостанай облысында өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, автокөліктер колоннасына қарлы боранда жол сілтеген Амантай Байжанов марапатталды. Бұл туралы бұйрыққа ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қол қойды, деп хабарлады ORDA.
Марапаттау рәсімі І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында өтті.
— Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев Қостанай қаласы Патрульдік полиция батальонының инспекторы Амантай Байжановқа «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін табыстады, деп хабарлады облыстық баспасөз.
Сондай-ақ, Амантайдың әріптесі Әмір Шалғымбаев атап өтілді. Сол күні ол Байжановпен бірге қызметте болған. Оған Ішкі істер министрлігінің дипломы табыс етілді.

— Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы, адалдығы мен ерлігі үшін, делінген Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев қол қойған бұйрықта.
Ардақ Ынтықбаев Амантай мен Әмірдің ата-аналарына алғыс хаттар табыстады, ұлдарының лайықты тәрбиесі үшін алғыс айтты.
Еске салсақ, 19 ақпанда Амантай Байжанов боранда машиналардың алдына шығып, жол көрсетіп тұрған видеосы әлеуметтік желілерде белсенді түрде таралған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық