Бомба жайлы хабардан соң, Алматыдағы MEGA-дан халық үдере сыртқа шықты
9 желтоқсан күні таңертең Алматыдағы MEGA сауда орталығының келушілерін шұғыл түрде сыртқа шығарды. Алғашында жұрт оқу-жаттығу шығар деп ойлады. Дегенмен полицияға «жарылғыш зат» жайлы ақпарат түскен. Алайда ғимарат аумағынан жарылғыш зат табылмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Өйткені біраз уақыттан кейін орталықтың ресми Instagram парақшасында мынадай хабарлама пайда болды:
«Құрметті келушілер! Сауда орталығы аумағында антитеррорлық қауіпсіздік бойынша жоспарлы оқу-жаттығу жүргізіліп жатыр. Сабыр сақтап, қызметкерлердің айтқанына құлақ асыңыздар…».

Біз Алматы қалалық полиция департаментіне хабарластық.
Олар сауда орталығында бомба қойылды деген хабар түскенін, содан кейін арнайы қызметтердің дереу MEGA-ға барып, адамдарды толық эвакуациялап, ғимаратты тексеруге кіріскенін айтты.

Артынша жарылғыш зат табылмағанын айтты. Енді олар жалған ақпарат айтып, телефон шалған адамды анықтап жатыр.
«Екі нысан да шұғыл қызметтердің қатысуымен жан-жақты комиссиялық тексеруден өтті. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Нысандар қалыпты жұмыс тәртібіне қайта көшті. Қазіргі уақытта полицияның жедел бөлімшесі жалған ақпарат берген аноним адамның кім екенін анықтап жатыр. Ол заң бойынша жауапқа тартылады», деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Orda.kz тілшісі оқиға орнында істің мән-жайын анықтап жатыр. Қазір жалға алушы қызметкерлерге ғимаратқа кіруге рұқсат етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық