Болгариядан Қазақстанға лаңкестік топтың мүшесі экстрадицияланды
Болгариядан Қазақстанға лаңкестік топқа қатысы бар деген күдікті экстрадицияланды.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігі Интерполы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Қазақстан азаматын Болгария Республикасынан экстрадициялады. Ол террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.
Ол радикалды діни ағымды жақтаушы деген күдікке ілінген, 2015 жылы Сирия Араб Республикасы аумағына барып, лаңкестік топтардың біріне қосылған.
Ер адам Болгарияда мамыр айында ұсталған. Болгар тарапымен 2014 жылғы 14 қарашадағы адамдарды экстрадициялау туралы екіжақты келісімнің арқасында күдікті Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық