Болат Назарбаевтың «тоқалы» нашақорлығын мойындады
стопкадр
Болат Назарбаевтың заңсыз әйелі саналатын әнші Динара Әлжан бір айға жуық кокаин қолданғанын мойындады. Ол ойынханада жеңіліп қалған Қайрат Нұртасқа көлігін де берген.
Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» жобасының эфирінде осындай біраз істерін мойындады. Ол бір айға жуық кокаин сатып алып, иіскеп жүргенін жалпақ жұртқа эфир арқылы жария қылды. Оның айтуынша, бәрі жаңа көлік сатып алу құрметіне арналған кештен басталған.
— Мен алған көлігімді «жудым», шарап іштім. Мен аздап мас болдым... Сол жерде маған дәретханаға баруды және иіскеуді ұсынды, олар: «Иіскесеің - бірден есіңді жиясың» деді, - дейді әнші.
Сұхбат жүргізушісі оған не ұсынғанын сұрағанда, Әлжан: «кокаин» деп ашық жауап берді. Сонымен бірге ол 13 жасынан бастап намаз оқитынын, бірақ кейінірек тастағанын, үйінде ешкім темекі шекпейтінін, ішімдік ішпейтінін айтты. Нәтижесінде бірінші реткі құмарлық соңғысы болып қалмаған. Назарбаеваның айтуынша, ол тағы да бірнеше осындай кештерге шақырылған. Содан кейін бұл оған қызықты іс болып көрініп, ол есірткі сатып ала бастаған.
— Менің кінәм – бас тартпағаным. Мен Болаттың әйелімін. Шайтан шатастырған шығар. Бірақ алдымен тегін ұсынылғанда байқап көріп, одан кейін адам тәуелді болып шығады. Мен бұған біраз кірісіп, үйге әкелетін тапсырыс бере бастадым, - деді Әлжан.
Әнші екі-үш күнде кокаинге орташа есеппен 350 доллар жұмсағанын айтты. Ол Болат Назарбаевтың ақшасы екенін жасырмады. Сондай-ақ эфирде әйел бір кездері козинодан жеңіліп қалған Қайрат Нұртасқа көлігін бергенін де мойындады. Ол бәрін қайтарып, үстіне біраз ақша қосып беруге уәде берген. Бірақ Нұртас уәдесін орындады ма, жоқ па, ол жағы кадрдан тыс қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық