Болат Назарбаевтың қолшоқпары болған Қоспаевтың соты басталды
Фото Orda.kz
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұм інісі Болат Назарбаевтың қылмыс әлеміндегі сенімді серігі болған Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Orda.kz
Айта кетейік, бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында Елдос Қоспаевтың ағасы Айдос, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Дастан Әбіжанов, Тимур Танашев және Қоспаевқа жақын басқа қылмыс әлемінің өкілдері бар. Бұлардың көпшілігі ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Кипрмен білескен арнайы операциясының нәтижесінде ұсталған болатын.
Қоспаевқа қатысты соттың басталғанын facebook әлеуметтік желіде Алмас Әбдіғаппаровтың қорғаушысы Сәуле Қобжанова хабарлады.
«Біз бұл істің алға жылжуы үшін 3 жыл бойы жұмыс істедік. Арыз беріліп, қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап Астанаға Бас прокуратураға барудан шаршамадық. Себебі қылмыстық іс қозғауға ұмтылдық, ақыры дәлелдеріміз тыңдалып, қолдау тапты. 3 жыл бойы күйзеліспен ауқымды жұмыс атқарылды. Әділдікке деген мызғымас сенім мен үміт ақталды», — деді Әбдіғаппаровтың қорғаушысы.
Сонымен қатар, Қобжанова бұл істе сексуалдық сипаттағы қылмыстар да бар, сондықтан процесс жабық өтеді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол әділ үкім шығарылып, әділеттілік салтанат құратынына үміттенетінін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық