Болат Назарбаевтың қызы иелік еткен компания 47,2 млрд теңгеге мемтапсырыс алған
Сурет ашық дереккөзден алынған. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың ініс Болат бұрынғы жұбайымен
Болат Назарбаевтың 21 жастағы қызы иелік еткен компания 47,2 млрд теңгеге мемтапсырыс алған, деп хабарлады журналист Мият Кәшібайдың Telegram-арнасы.
«Tоlagai-2050» – бірнеше жылдан бері мемлекеттік органдардан ірі тендерлер алып жүрген жеке компания. Құрылыспен айналысады. Көбіне өзендер мен көлдерде түрлі құрылыс жүргізеді.
Қазір бұл компанияның басшысы әрі жалғыз құрылтайшысы – Оразхан Жанысбеков деген адам. Ал 2020 жылдың желтоқсанынан 2022-нің 14 ақпанына дейін компания құрылтайшыларының бірі Ақбота Назарбаева болған.
Ашық дереккөздер бойынша, Ақбота Назарбаева – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болаттың қызы.
Мемлекеттік сатып алу порталында Болат Назарбаевтың 21 жастағы қызы иелік еткен «Tоlagai-2050» ЖШС 2018 жылдан бері 37 тендер ұтып алғанын көруге болады. Олардың жалпы құны – 47,2 млрд теңге.
Ақбота Назарбаева ресми түрде компания құрылтайшысы атанардан бір ай бұрын, яғни, 2020 жылы қарашада «Tоlagai-2050» Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мекемесімен 22,1 млрд теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл - компания тарихындағы ғана емес, Қазақстан тарихындағы ең ірі мемтапсырыстардың бірі.
Бюджеті 22,1 млрд теңге болатын келісімшартқа сәйкес, «Tоlagai-2050» Алматы облысы Қарасай ауданындағы Ақсай өзеніне селді ұстап тұратын бөгет салуы тиіс.
21 жастағы Ақбота Назарбаева «Tоlagai-2050»-ден бөлек, тағы да бірнеше компанияға құрылтайшы. Солардың бірі – Шымкеттегі «Мирас» университеті. Назарбаева былтырғы мамырдан биылғы ақпанға дейін осы университет құрылтайшыларының бірі болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық