Болат Назарбаевтың экс-әйелі Нарынқолда дүркіретіп той өткізді
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты Қылмыстық кодекстің «Рейдерлік» бабы бойынша іс қозғағаны туралы ақпарат тарады.
Бұл туралы Nege.kz хабарлайды.
Құзырлы органдарға арызды Нұрша Кәкенов деген азаматтың жазғаны белгілі болды. Ол «Каруан» ЖШС құрылтайшыларының бірі болған, бірақ оның үлесін Назарбаевтар алып қойған, арызданушы оның шығынын 150 миллион долларға бағалапты.
Бір қызығы, «үстінен іс қозғалды» делінген Майра Құрманғалиева өткен сенбі күні өзінің туған жерінде – Райымбек ауданындағы атақты Шұбартал жайлауында анасының 90 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті.
– Бұл тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда, – дейді тойға қатысып, қызықтап қайтқан жергілікті тұрғын.
Оның айтуынша, тойға қонақтар Қазақстанның әр жерінен келіпті. Әсіресе, атбегілер тұлпарларын баптап, арнайы жеткен. Өйткені бәйгеге бірнеше көлік тігілген көрінеді.
– Жұмадан бастап біздің ауданды қонақтар басып қалды. Алматы жақтан ағылған көліктер іркес-тіркес болып, Шұбартал жайлауына қарай өрлеп жатты. Небір қымбат көліктер арнайы тіркемемен бәйге аттарын алып келді. Ауылдың аттарын бәйгеге бөлек қосты, басқа жақтан келген тұлпарлар бөлек шапты. Жорға жарыс, құнан бәйгені де тамашаладық. Бәйгеден бірінші келгендердің бәрі көлік мінді. Күрескен палуандар да жүлдесіз қалған жоқ, – дейді той куәгері.
Естуімізше, тойдың мәнді де сәнді өтуіне Райымбек ауданының әкімдігі атсалысқан. Аудандағы он бір ауылдық округ бір-бір киіз үйден тігіп беріпті. Әкімдік араласатындай Майра Құрманғалиеваның анасы қоғам қайраткері ме еді?
Бұл мәселенің жай-жапсарын білмек болып Nege тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласқан.
— Райымбек ауданының әкімі Нұржан Кеңесұлына хабарластым. Журналистердің осы мәселені сұрап жатқанын айттым. Ол: «Ауыл азаматтары ғана атсалысты, ол жерде бірде-бір мемлекеттік қызметте істейтіндер болған жоқ. Ешкім киіз үй тікпеді», – дейді. Ол жерде тек ауыл белсенділері ғана жүрген, солар көмектескен, – деді Ғалымұрат Жүкел.
Алайда біздің оқырманымыз басқа мәлімет айтты. Ол аудандағы он бір ауылдық округ бір-бірден киіз үй тіккенін, әр ауылдық әкімдіктен жауапты адамдар бекітілгенін және бұл мәселені оңтайлы шешуге жоғарыдағылар араласқанын айтады.

– Біздің естуімізше, Майра Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовқа қолға салған көрінеді. Ол кісі Болат Назарбаевпен жақын араласты ғой, Майраның өтінішін қабылдап, облыстың қазіргі басшылығына көмектесу керектігін айтыпты, – дейді ол.
Тойдың дүркіреп өткенін, жайлау төрінде эстрада әншілерінің ән шырқағанын, елге белгілі біраз адамның қонақ болғанын редакциямызға келіп жатқан фото-видеолардан көрдік. Мәселен, әнші Мәдина Сәдуақасова тойдан көріністерді әлеуметтік желідегі парақшасына да салды.

Ал енді жайлау төріндегі мерейтойға Майра Құрманғалиеваның өзі келді ме?
– Майраның өзін көрмедік. Естуімізше, өзі тойға келе алмаған. «Үстінен қылмыстық іс қозғалған» дей ме, әйтеуір жұрт оны әлі де шетелде екен деп жүр. Анасы мен бауырлары, туыстары тойда жүрді. Ал өзін көрмедік, – деп жауап берді куәгер.
Бұдан бірнеше жыл бұрын Болат Назарбаев пен Майра Назарбаева дәл осы Шұбартал жайлауында ұлдары Ханболаттың сүндет тойын өткізген. Жұрт сол тойды әлі күнге дейін жыр қылып айтады. Жүздеген киіз үй мен бәйгеге тігілген бірнеше көлікті айтпағанда, Б.Назарбаев тойға келген халықтың үстінен тікұшақпен ақша шашқан екен...
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық