Болат Назарбаевпен бірге белгісіз Нұрсайын Назарбаев Дубайға ұшып кеткен
фото: «Азаттық Радиосы»
Қырғызстанға Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевпен бірге «БН Қаскелең» футзал клубының басшысы Бауыржан Нұрғазыұлы және Нұрсайын Назарбаев ұшып келген.
«Азаттық радиосы» хабарлағандай, бірнеше қырғыз шекарашылары Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев пен «тағы бес-алты адам» 6 қаңтар күні таңертең Ақ Жол шекара бекеті арқылы Қырғызстан шекарасынан өткендігін хабарлады. Олардың есімдерін көрсетпеуді өтінген шекара қызметінің қызметкерлері «Болат Назарбаевты және оның айналасындағыларды Қырғызстан билігіне жақын адамдар қарсы алды» деп мәлімдеді. Болат Назарбаевтың, сондай-ақ Нұрсайын Назарбаевтың және Бауыржан Нұрғазыұлының төлқұжаттарының көшірмелері алынды. Олар да Қырғызстанға 6 қаңтарда келген.
Нұрсайын Назарбаев туралы ақпарат ашық дереккөздерде жоқ.
Бауыржан Нұрғазыұлы есімді адам Алматыдағы «Барыс» базары басшыларының бірі және Алматы облысының Қаскелең қаласында құрылған «БН Қаскелең» футзал клубының президенті екені белгілі.
Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қазақстаннан Қырғызстанға бірнеше адаммен келгенін бірден бірнеше дереккөз растады. Бішкектің «Манас» әуежайында бірқатар аты аталмаған қызметкерлер «Болат Назарбаев және тағы бірнеше адам Қырғызстан арқылы Дубайға ұшып кетті» деп нақтылады.
– Bombardier ұшағы 2022 жылдың 6 қаңтарында Манас халықаралық әуежайына қонды. Ол Дубайдан келді. Ұшақтың кімге тиесілі екені белгісіз. Коммерциялық ұшақтың жолаушылары кім, біз білмейміз. Бұл біздің міндетімізге кірмейді, – деді «Манас» әуежайының баспасөз хатшысы Әлия Құрбанова.
Еске алсақ, Назарбаевтың інісі Болаттың автокөлікпен Қырғызстанға кетіп, Бішкектен Дубайға ұшып кеткенін хабарлағанбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық