Болат Назарбаев 299 мың гектар жерінен айрылды
Маңғыстау және Жамбыл облыстарында экс-президенттің інісінің компанияларына тиесілі жер учаскелері анықталды.
«АМАНАТ» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Ерлан Сайыров Маңғыстау облысындағы 239 мың гектар, Жамбыл облысындағы 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді. Еншілес компаниялар арқылы жер учаскесі Болат Назарбаевтың меншігінде болған.
- Біздің партияның басты миссиясы – жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен ұлттық байлықты қалпына келтіру. Біз бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізетін боламыз. Тегінің асылдығы, сіңген еңбегі мен әмиянның қалыңдығы әділдікті қалпына келтіруге кедергі емес. Халықтан алып кетті ме? Қайтарсын! – деді Ерлан Сайыров.
Айта кетейік, бұған дейін жалпы көлемі 244 мың гектарды құрайтын 59 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған болатын. Осындай ұлан-ғайыр қазақ жерінің иесі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың інісі күмәнді жағдайда болды. Аталған жерлер Қаскелең, Талғар, Астана және Түркістан облысында орналасқан. Құжаттарға сәйкес, олар коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат және базар салу үшін сатып алынған. Заңсыз алынған жерлер жүздеген миллион долларға бағаланады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық