Болат Назарбаев Түркияда емделіп жатыр – дереккөз
фото: Айнаш Өндіріс
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаев Түркияда емделіп жатыр.
Бұл туралы «ABZHAN NEWS» telegram-арнасы хабарлайды.
«Болат Назарбаев Түркияда емделіп жатыр, деп хабарлады дереккөз. Тұңғыш президенттің інісінің диагнозы нақтыланбады» делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Болат Назарбаевтың бақылауында болған Алматы маңындағы «Алтын Орда» базарының төңірегіндегі тергеуге қатысты жағдайға пікір білдірді.
– Бүгінгі күні «Алтын Ордаға» қатысты тергеу жүріп жатыр. Білесіздер, тек «Алтын Ордаға» ғана қатысты емес, менің ойымша, әділ шешім шығарылады. Соңғы шешімді күту керек. Бірақ, менің ойымша, бүгін сіз өз көзіңізбен көріп отырғандай, жауапқа тартылмайтын нәрсе жоқ, сондықтан кім қылмыс жасаған болса, мейлі ол базардың қожайыны болсын, мейлі басшысы болсын, ол тиісті жазасын алады, – деді Қошанов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев айтқандай, «Алтын Ордаға» қатысы бар фирмалар бюджетке 20 миллион теңгеден аспайтын салық төлеген.
Алматы әкімі Ерболат Досаев делдалдық схемаларды тексеретін комиссия «Алтын Орда» базарын басып алатынын мәлімдеді. «Алтын Орда» базарында 1,1 млрд теңге көлемінде салық бұзушылықтар анықталғанын хабарланды.
Жаңалықтар
- Футбол чемпионаты Құрылтай сайлауына байланысты кейін шегеріледі
- «Бурабайда» екі өрт тұтанып, сөндіруге тікұшақ шықты
- Трамп Иранға жасалатын соққыны тоқтатуға бұйрық берді
- Алматыда полиция электросамокат иелеріне үндеу жасады
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %