Болат Назарбаев пен оның экс-жұбайы Майраның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: ашық дереккөзден
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның экс-әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты «Рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Kozachkov offside Telegram-арнасының хабарлауынша, құзырлы органдарға тиісті мәлімдемені Нұрша Кәкенов берген. Ол «Karuan» ЖШС құрылтайшыларының бірі болғанын, бірақ оның үлесін тартып алып қойғанын жазды. Арызданушы шығынын 150 млн долларға бағалаған.
Ашық деректерге сәйкес, «Karuan» ЖШС Маңғыстау облысында марганец өндірумен айналысқан.
Еgov.kz порталының хабарлауынша, 2006 жылдың басында Нұрша Кәкенов серіктестік иелерінің бірі болған, бірақ сол жылы бірінші президенттің інісі ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болып қалған.
Ал 2018 жылдың ақпан айынан бастап компания екі заңды тұлғаға тиесілі - «Central Asian Investment Consulting Company» ЖШС және Кипрде тіркелген ILMAX LTD.
2021 жылы «Karuan» ЖШС жұмысын тоқтатқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық