Болат Назарбаев кәсіпкерді сотқа берді
Бұрынғы президенттің інісі Болат Назарбаев «Алматы Стекло» зауытының бас директоры Әзім Абдуллаевты сотқа берді.
Кәсіпкер бұған дейін бизнесті рейдерлік басып алудың құрбаны болдым деп мәлімдеген.
Әуезов ауданының № 2 аудандық сотына Болат Назарбаевтан ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз түсті. «Сотқа дейінгі хаттаманы дайындаумен татуластыру рәсімі» 27 маусымға белгіленген.
Сәуірдің басында Абдуллаев 2006 жылы ашылған кәсіпорын кірісін Болат Назарбаевпен бөлісуге мәжбүр болғанын айтты. Айтуынша, оған барлық бизнес нысандарынан ай сайын 300 мың доллар төлеп тұрған. Осылайша 15 жыл ішінде Абдуллаев Нұрсұлтан Назарбаевтың інісіне 60 миллион долларға жуық ақша аударған.
Кәсіпкер енді зауытты екінші рет Болат Назарбаев деген тұлғаға бермекші екендерін де айтты. Сәуірдің 6-сы күні «Алматы Стекло» компаниясының 200 қызметкері жаңа құрылтайшыға құжаттарды қайта рәсімдеуге келген Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің қол астындағы адамдардың басып кіруіне наразылық білдірді. Оған Болат Назарбаев бизнестегі өз үлесін ұсынған. Зауыт жұмысшылары оларды ішке кіргізбей, кетуге мәжбүр етті.
Зауытта 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Ол жылына орта есеппен 100 миллион түрлі бөтелкелер мен консервілер шығарады. Зауыт жылына 5 миллион долларға жуық табыс әкеледі.
15 сәуірде Антикор рейдерлік басып алу фактісі бойынша тергеуді бастағаны белгілі болды.
Еске салайық, 20 маусымда Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болды. Істің қозғалуына «КАРУАН» ЖШС құрылтайшысы Нұрша Кәкеновтің рейдерлік әрекет туралы арызы себеп болғаны хабарланды. Бұл туралы ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық