Болат Назарбаев Алматы ауыр машина жасау зауытындағы 31,9 пайыз акциясын мемлекетке қайтаруы керек
2023 жылдың 2 наурызында Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Болат Назарбаевтың сонау 2007 жылы сатып алған Алматы ауыр машина жасау зауытындағы 31,9 пайыз акциясын мемлекетке қайтаруы керек деген шешім шығарды.
Шешім бойынша, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 1998 жылғы 18 ақпандағы келісім бойынша «АЗТМ» АҚ-ның жарғылық капиталының 31,9% көлеміндегі акцияларын 105 300 000 теңгеге «Темір Кон» ЖШС-не сатқан.
Сату келесі шарттар бойынша жүзеге асырылды (№ 1 келісім):
- акциялардың мемлекеттік пакетін өткізу тәртібі мен шарттары белгіленді;
- «Темір Кон» ЖШС сатып алушысының «АЗТМ» АҚ қызметінің бейінін сақтау, 1997 жылғы көлемдермен салыстырғанда өндіріс көлемін сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз ету, қызметті жүзеге асыру кезінде технологиялық және экологиялық қауіпсіздік стандарттарын енгізу міндетті.
Комитеттің сатушы ретінде «Темір Кон» ЖШС сатып алушысының шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін қажетті тексерулер және құжаттаманы талап етуді орындауына бақылауды жүзеге асыру құқығы бекітілген.
2007 жылдың 2 сәуірінде «Темір Кон» ЖШС Болат Назарбаевқа «AZTM» АҚ жарғылық капиталының 86,7812% көлеміндегі акцияларын сатты, оның 31,9% бұрын мемлекеттік пакет болатын.
2009 жылғы 1 сәуірде Комитет, «Темір Кон» ЖШС және Болат Назарбаев арасында -1 шарты бойынша міндеттемедегі тұлғаларды өзгерту туралы келісім жасалды, оның талаптары бойынша аталған міндеттемелер орындалмаған жағдайда Болат Назарбаев акцияларының мемлекеттік пакетін Комитетке беруі тиіс.
2009 жылғы 2 сәуірде «АЗТМ» АҚ-ның 398 246 дана көлеміндегі жай акцияларын, оның ішінде мемлекеттік акциялардың 31,9%-ын Болат Назарбаев № 2 келісім бойынша «PLS-TM» ЖШС-не сатты. Бұл келісімде №1 Шарттың ерекше талаптары жоқ, оның ішінде «АЗТМ» АҚ қызмет бейінін сақтау, өндіріс көлемін ұлғайту, Комитет қабылдаған міндеттемелердің орындалуын бақылау құқығы бар.
«Фирма Баяу» ЖШС-нің 2009 жылғы «АЗТМ» АҚ қызметінің бейінін сақтау және өндіріс көлемін ұлғайту бойынша міндеттемелерін орындамау туралы қорытындысына сәйкес материалдық-техникалық базаның қанағаттанғысыз жағдайда екендігі, көлемдер, мүліктік кешен мен жер учаскесін бөлшектеу, үшінші тұлғаларға сату және «АЗТМ» АҚ, ондағы ғимараттар мен құрылыстарды жалға беру, өндіріс көлемінің төмендеуі көрсетілген» делінген сот қаулысында.
Сот, Болат Назарбаевтың мемлекеттік акцияларды сатуы заң талаптарына сәйкес келмейді және ол №1 шарт талаптарын орындамағандықтан жарамсыз деп таныды.
Осылайша, ҚР Жоғарғы Сотының Сот алқасы Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 2012 жылғы 11 қыркүйектегі №2 қаулысы мен апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылдады. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» РММ-нің талап арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарды.
«Болат Назарбаев пен «PLS-TM» ЖШС арасында 2009 жылғы 2 сәуірдегі «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның жарғылық капиталының 31,9 пайызын құрайтын жай атаулы акцияларын сату туралы жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Болат Назарбаевқа «АЗТМ» АҚ-ның жарғылық капиталының 31,9 % мөлшеріндегі жай атаулы акцияларын ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беру арқылы мемлекет меншігіне қайтару міндеттелсін» деді сот.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық