Болат Мажағұловтың 10 жыл бойы жасырған некесіз балалары мен тоқалына қатысты дау
Фото: @bolatmazhagulov
Астана қаласы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың туысы Ұлпан Бегалиева оның 10 жыл бойы жасырған тоқалы мен некесіз балалары бар екенін айтты, , деп хабарлайды Orda.kz.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша, мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың ісі қаралып жатыр. Сонымен қатар, оған туыстарының да айтары бар екен.
Өзінің instagram парақшасында Мажағұловтың туысымыен деген Ұлпан Бегалиева оның заңды жанұясынан бөлек жасырып келген екінші отбасы бар екендігін айтты. Сондай-ақ, Бегалиеваның айтуынша, қазір әлеуметтік желіде Мажағұловтың жақтастары оның ішінде өнер адамдары да бар, пост жариялап, оның адал адам ретінде көрсетуге тырысып жатыр.
«Болат Бауыржанұлы, сен өз жазбаларыңда конституциялық құқықтарыңды сақтау туралы айтасың. Ендеше, неге заңды балаларыңнан олардың әкесімен бірге өмір сүру және толық отбасы болу құқығын қалай жойғаныңды айтпасқа. Егер сен осы құқықтарын тартып алып, оларға моральдық және рухани соққы жасасаң, ер азамат ретінде жауапкершілікті көтер. Өмірде бәрі болады, бірақ сатқындық жасаған күннің өзінде, дұрыс қадам жасауға болады» деп жазды Бегалиева.
Бегалиеваның айтуынша, көпшілікке жомарт азамат болып танылған Болат Мажағұлов өзінің заңды некеде туған балаларына көмектеспеген.
«Қазір Болат Бауыржанұлы өзін қоғам алдында адал, парасатты адам ретінде көрсетуге тырысуда. Алайда, оның заңды отбасына қатысты әрекеттері мүлде басқа жағдайды көрсетеді. Иә, оның жомарттығын барлығы біледі, бірақ бұл жомарттық заң бойынша тиісті адамдарға жеткен жоқ», – деді Бегалиева.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде қаржы мониторинг агенттігі 2016 жылы Есіл өзенінде салынған «Күн» субұрқағы құрылысы кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырылғанын анықтаған болатын. Субұрқақ құрылысына жауапты болған сол кездегі Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов қамауға алынды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран