Болат Әбіловты полиция бөлімшеге алып кетті
Фото: Orda.kz
Кәсіпкер, оппозиционер, саясаттан бір сәтке тысқары кетіп Қаңтар қырғынан кейін қайта оралған Болат Әбіловты полиция қызметкерлері заңсыз митинг ұйымдастырғаны үшін бөлімшеге алып кетті.
Редакцияға келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Алматыдағы Қаңтар құрбандарын еске алу үшін алаңға шыққан Әбіловтың үйіне полиция қызметкерлерлері келген. Тергеу жұмыстары үшін оны Бостандық ауданының полиция басқармасына алып кеткен.
Заманында «Бутя» деп танылған кәсіпкер жақында ғана OrdaNews youtube-арнамызда орыс тілінде сұхбат берген еді.
Болат Әбілов деген кім?
Болат Әбілов – саяси және қоғам қайраткері, кәсіпкер, Қазақстан меценаттар клубының төрағасы. Ол ел Парламенті Мәжілісінің депутаты, сонымен қатар президенттің штаттан тыс кеңесшісі болған.
90-жылдардың басында Әбілов «Халық мәдениеті мен руханиятын қорғауда» республикалық ақша-киім лотереясының жетекшісі болды. 1991 жылдан 2000 жылға дейін Болат Әбілов «Бутя» ЖАҚ президенті болды. 1994 жылы ол президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды. Ал 1997 жылы «Қайрат-Бутя» футбол клубын басқарды.
1999 жылдың күзінде Болат Әбілов «Отан» партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 2000 жылы депутаттық мандат алды, сол жылы Қазақстан меценаттар клубын басқарды. Оның құрамына белгілі кәсіпкерлер Райымбек Баталов, Еркен Қалиев, Марғұлан Сейсембаев, Нұрлан Смағұлов, Нұржан Субханбердин және Қайрат Сатылғанов кірді.
2001 жылы Болат Әбілов Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына енді, кейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігінің саяси кеңесіне мүше болды.
2001 жылдың аяғында Әбілов «Отан» партиясынан шықты, содан кейін депутаттық корпустан шығарылды. 2003 жылы «Ақ жол» ҚДП президиумының төрағасы болды.
2005 жылы Болат Әбілов тіркелмеген «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағасы болып сайланды. Бірақ бір жылдан кейін полиция қызметкеріне тіл тигізгені үшін 2,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды.
2008 жылы наурызда ол оппозициялық демократиялық «Азат» партиясын басқарды.
2013 жылы ол саяси қызметін уақытша тоқтатып, шығармашылық жоспарлармен айналысуға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан туралы фильм түсіріп, кітап жазуды жоспарлаған.
Болат Әбілов талай рет билік әрекетіне қарсы шығып, 2012 жылы Жаңаөзен құрбандарын еске алу митингісіне шыққан. Одан кейін Алматыда Республика алаңына 2 мыңға жуық адам жиналды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық