Болат Әбілов: Путин, Тоқаев және Назарбаев бәрін өзара келісіп алған
Фото: Aidos Ukibay/Twitter: UGC
Гиперборей Youtube арнасының журналисі Вадим Борейкоға берген сұхбатында оппозиционер әрі тіркелмеген «Біздің таңдау» партиясының жетекшісі Болат Әбілов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей президенті Владимир Путин бәрін алдын ала келісіп алғанын айтты.
Оның айтуынша, олар өзара кепілдіктермен байланысты. Әбілов ертең Назарбаевтың соты басталса, Тоқаевтың да дәл осындай тағдырға тап болатынына сенімді. Бұл ретте президентті қылмыстық қудалау Ресейде де байқалатыны сөзсіз. Оппозиция өкілі Путинге посткеңестік кеңістікте мұндай жағдай қажет емес деп санайды.
— Путин, Тоқаев және Назарбаевтар өзара барлығын келісіп, бір-біріне кепілдіктерін растады. Нұрсұлтан Әбішұлына тиіспейміз, Тоқаевқа көмектесеміз деп қол алысқан,- деді ол.
Бұған қоса, оппозиция жетекшісі Тоқаевтың алдағы президенттік сайлауда Ескі Қазақстанның жалғыз кандидаты екенін, өйткені ол «ойын» ережелерін қолдайтынын айтты. Әбілов бұл шенеуніктердің барлығы президенттер арасындағы келісімдерден хабардар, сондықтан «тыныш» отыр деп атап өтті. Олардың әрқайсысына қатысты көптеген компроматтар бар және олардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, бірақ Әбіловтың айтуынша, Тоқаев бұған келіспейді.
— Себебі олардың біреуіне қол тигізсеңіз, қалғандары зеңбіректерін, артиллерияларын атқылай бастайды, компроматтар ағылады. Өйткені олар біреуді сүйреп шығарда келесі кім екенін біледі,- дейді Әбілов.
Әбілов ҰҚК-нің (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің «мойнына бәрін іліп қойғанын» баса айтты. Назарбаевтың немере інілері Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіш заң бойынша жауапқа тартылғанымен, қаңтар оқиғасы үшін емес, тек экономикалық қылмыстары үшін сотталған. Олар билікке ақша төлей салысымен шетелге кетіп, сол жерде мүлкін қайта жаздыруға тырысып жатқанын айтты.
Еске салсақ, қаржы сарапшыларының мәліметінше, соңғы 25 жылда оффшорлық компаниялар арқылы Қазақстаннан 160 млрд доллар шығарылған. Бұл орасан зор қаржы бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық