«Болашақ зеңгерлер»: ақша бопсалаған студенттер 4 жыл арқалады
Фото: freepik.com
Жоғарғы оқу орнында оқитын 2 студент ақша бопсалаймын деп бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылғы 21 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Т. мен У. атты студенттерге қатысты қылмыстық істі қарады.
Ақпан айында 2 студент жігіт жәбірленуші А.-дан ақша талап етіп, дене жарақатын салған. Жәбірленуші 55 мың теңге аударым жасаған. Кейін онымен қоймай, олар баспанасына басып кірген.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамалары қорытындыларымен, бейнежазбалармен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
«Сот үкімімен сотталушылар Т. және У. ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1, 3) тармақтары мен 149-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жасалған қылмыстардың мән-жайлары мен олардың ауырлығын, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сот сотталушыларға қылмыстардың жиынтығы бойынша пробациялық бақылау белгілей отырып 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді