«Болашақ» шахтасында зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды
Фото: Pexels
Ақтөбе облысындағы «Болашақ» шахтасындағы апат кезінде зардап шеккен жұмысшылардың біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақпаратты Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасынынң баспосөз қызметі растады.
«Науқаста полиорганды жеткіліксіздік диагнозы қойылды, оны санитарлық тікұшақпен көпсалалы облыстық ауруханаға шұғыл жеткізді. Алайда ол қайтыс болды» деп жазылған хабарламада.
«Қазхром» АҚ баспасөз қызметі компания марқұм қызметкердің отбасына 10 жылдық орташа жалақысы мөлшерінде қолдау көрсететінін хабарлады.
«Әлеуметтік және материалдық қолдау көрсету үшін, оның ішінде моральдық зиян үшін өтемақы ретінде марқұмның туыстарына қызметкердің 10 жылдық орташа жалақысы мөлшерінде төлем жасалады, сондай-ақ жерлеу шараларын ұйымдастыру үшін қаржылай көмек беріледі. Сонымен қатар, компания балалардың білімін төлеуді өз мойнына алып, қажет болған жағдайда отбасы мүшелерінің бірін жұмысқа алуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, отбасы Қазақстан Республикасының еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмысшылардың өндірістік жарақаттардан міндетті сақтандыру туралы заңына сәйкес төлемдер алады», деп мәлімдеді «Қазхром».
Төтенше жағдай 28 ақпанда «Болашақ» шахтасының өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде болған.
Жаңалықтар
- Иранның мұрагер ханзадасына Берлинде шабуыл жасалды
- Абай облысында мектеп есепшісі өзіне екі еселенген жалақы алып отырған
- Қазақстанда жыл басталғалы көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды
- Дер кезінде полиция шақырған балалар аналарын құтқарып қалды
- «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
- Air Astana Дубайға рейстердің тоқтатылуын мамыр айының соңына дейін ұзартты
- Ақын Серікбай Әбілмәжін көз жұмды
- Қазақстанға дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілді — ДДСҰ бас директоры
- Мұхтар Шаханов ұрпақтарының есімдері нені білдіреді? Келіні сыр шертті
- «Центр плова Loft» кафесіндегі жарылыс: Тағы екі күдікті ұсталды
- Сауд Арабиясы Королі Таяу Шығыстағы күрделі ахуалда қолдаған Тоқаевқа ризашылығын білдірді
- ҰҚК Қостанай облысында криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкерін ұстады
- 2025 жылғы MIVD есебі: Әлемде геосаяси қауіп күшейіп келеді
- Абай облысында шаруа қожалығының басшысы жоқ малға мемлекеттен 250 млн теңге алған
- Таразда«өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан әйелге сот үкімі шықты
- Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
- Қырғызстандағы Ельцин атындағы ҚРСУ кампусы Ресейде дау тудырды
- Қостанай облысында әйел TikTok пен Instagram-да есірткі дүкенін жарнамалаған
- Онколог ұйқының жетіспеуі қатерлі ісіктің дамуына қалай әсер ететінін түсіндірді
- Еуроодақ Украинаға 90 миллиард еуро несие беретін болды