«Болашақ»: шетелде тағылымдамадан өтетін мамандықтар тізімі жаңартылды
«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған мамандықтар тізіміне тағы 18 мамандық қосылды.
ҚР БҒМ мәліметінше енді болашақ ғалымдар: «Биология, молекулалық биология», «Ветеринария», «Компьютерлік лингвистика», «Ауыл шаруашылығы», «Құрылыс», «Жобалау», «Шахта құрылысы», «Физика», «Байланыс және ақпарат тарату жүйесі», «Радиотехнология», «Механика», «Статистика», «Есептеу технологиясы», «Антропология», «Орман ресурстарын қорғау», «Вакцинология», «Математика» бағыттары бойынша мемлекет есебінен әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады.
Оның ішінде 8 мамандық қолданыстағы аралас мамандықтарға енгізіліп, тағы 10-ы жаңа мамандық ретінде қосылды. Қазақстан ғалымдары Гарвард университеті, Сорбонна университеті, Колумбия университеті, Йель университеті, Гонконг ғылым және технология университеті мен басқа да шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуне мүмкіндік бар.
2021 жылы қазақстандықтардың 147 мамандық бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар, оның ішінде инновация және жаңа технологиялар бағыты бойынша 14, индустриялық инженерия бағыты – 28, жаратылыстану ғылымдары – 9, әлеуметтік ғылымдар – 40, «Білім беру» бағыты – 9, «Медицина» бағыты – 37 және «Креативті индустрия» бағыты бойынша 13 мамандық бар.
Биылғы жылы «Ғалымдар» жаңа санаты бойынша 500 стипендия бөлініп, шәкіртақылардың жалпы саны 1055-ке дейін өсті.
Оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, педагогтер, мемлекеттік қызметкерлер, инженер-техниктер үшін 5 санат бойынша тағылымдамадан өтуге 110 грант бөлінді. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 28 қазанға дейін жалғасады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық