Болашақ бағдарламасымен оқуға түсушілерге қойылатын басты талаптар
Білім және ғылым министрлігінің ақпарат жиналысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Қарбозова «Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау барысы және атқарылып жатқан жұмысы туралы баяндады.
Ол 2020 жылы 6 мамырда Үкімет Қаулысымен бекітілген жаңа іріктеу ережесіне сәйкес сапалық өзгерістер шеңберіндегі барлық үміткерге ортақ талап қойылатындығын айтты.
— Басым мамандықтар тізбесінен мамандығы бойынша ұсынылатын ЖОО тізіміне енгізілген шетелдік ЖОО-дан шартсыз шақырудың болуы. Бұл – бірінші талап. Екіншіден, мемлекеттік тілді игеру көрсеткіші Қазтестің кемінде В1 көрсеткішін алу. Яғни, 105 сұрақтың кемінде 105-іне дұрыс жауап беру керек, -деді Айнұр Қарбозова.
Қарбозованың сөзінше 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 5 оқу бағдарламасы ұсынылған. Оның ішінде магистратура, ауылды жерлерден қатысатындар үшін магистратура, медицина үшін резидентура, докторантура және тағылымдама.
— Тағылымдаманың шетелде кадрларды даярлау республикалық комиссиясының шешімімен 6 санаты бекітілді. Олар – ғалымдар, педагогикалық, денсаулық сақтау, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мемқызметшілер және мәдениет пен спорт саласы қызметкерлері, - деді Айнұр Қарбозова.
Бұл бағытта ағымдағы жылы бөлінген шекті стипендия саны – 1 055. Оның 555-і академиялық магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдаманың 5 санатына бөлінеді. Қалған 500 стипендия ғалымдарға бөлініп отыр.
4 мамырда басталған құжат қабылдау процесі 28 қазанға дейін жүргізіледі, яғни қазіргі уақытта құжат қабылдау жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық