Боксшы Бақтияр Артаев Арман Жұмагелдиевке араша сұрады
Коллаж Orda.kz
Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қамауға алынған Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке араша түсті. Боксшы криминалды авторитеттің елге жасаған жақсылықтарын айтып, оны қамаудан босатуды сұрады.
«Арман Жұмагелдиев бауырым үшін жүрегім ауырады. Оның құқық қорғау органдарының қолына түсіп, қонақ үй қабырғасына сүйене кеп отырған суреті тордағы қайрансыз қалған көкжалдың сұсты бейнесін көзіме елестетті.
Иә, оны жұрт қылмыскер, банды санайды. Арман - қасқыр жігіт. Жемін түзден тауып жейтін. Шамасы келсе түзден тапқанын жұртымен қақ бөлісіп жейтін. Оны білеміз. Алғаш пандемияның кесірінен жұрт бір жұтым ауаға қиналып, қынадай қырылған кезде егілген жұрттың қыстыққан дауысын алғаш естіген бөрінің бірі сол еді» дейді Артаев.
Бақтияр пандемия кезінде Арман Жұмагелдиев сол кезде тапшы болған ЖТА аппараттарының санын арттырып, елге үлкен көмек бергенін еске алды.
Арман бауырыма бостандық!
«Иә, жұрт Арманның небір жақсылығын біледі. Көбі айта алмайды. Ал Арман бауырыма сөйлеуге оның намазы, мұсылмандығы жібермейді. Солай! Ел күшеніп кейде жұрт ішінен кешегі Бақыткелдіні, Атабаны, Сары Алмасты іздегісі келеді. Оның қайыры не? Олар тірісіне соқыр болса? Біз СубханАллаһ, сондай жұртпыз ғой. Кешегі Шығыс Түркістан үшін жанын қиған Оспан батыр Исламұлын да өзі жұрты, өзі руласы өзгелермен қосылып алып, оны «банды» қылған.
Айтпағым, тағы Армандай дала бөрілері өз басым үшін бостандықта емін-еркін жорық салуы сондай қажетті. Олардың әлі «қазақ баласына» еліне, жұртына жасар жақсылығы шаш етектен екені шын дүние.
Шіркін, Абай атам: «Қазақтың өлгенің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ» болғаны қалай? Айтпағым, Арман бауырыма бостандық сұраймын. Елінің бөрісі аман бол!» деді Артаев.
Халық боксшының бұл бастамасын қолдағанымен оған журналист Гүлмира Әбіқай қарсы шықты.
«Арманды көруге алаңға барып, аңырайып бетіне қарап тұрып, қаншама жас жазықсыз өлді. Азаматтығы бар шығар. Қылмысын қайда қоямыз? Қылмыс түбі - жаза. Мен үшін сен батырсың, Бақтияр Артаев. 2004 жыл, Афины олимпиадасы, соңғы күні барша қазақты жылатып, жұбатып, жалғыз медаль әкелген Алаш чемпионы. Өзің бар бол, аман бол! Арманды қайтесің, ертең-ақ оны шығарып алады. Ал сен бізге керексің» деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық