Бойжеткенге аяусыз қорлық көрсеткен бес жігітке сот үкімі шықты
Фото: Pixabay
Бүгін Петропавлдағы демалыс орталықтарының бірінде 17 жастағы бойжеткенді зорлаған бес жігітке сот үкімі шықты. Айыпталушылардың екеуі кәмелет жасқа толмаған.
Қыздың ата-анасы 2021 жылдың 11 маусымында полицияға арыз жазған. Бірнеше күнде күдіктілер қамауға алынған.
Зардап шегушінің анасының айтуынша, тергеу төрт айдан кейін оның жасына қарай сараптама тағайындаған.
Қыздың ата-анасы халықтан көмек сұрады. Желі қолданушылары сотталушылардың әрекетін сынға алды.
Бес жігіттің жақындары зардап шегуші тарапқа қысым көрсетіп жатқаны белгілі болды.
Жауапқа 17 мен 20 жас аралығындағы жігіттер тартылды.
Сот айыпталушының төртеуі зорлау кезінде мас болғанын анықтап, жаза қатаңдайтынын түсіндірді.
Үш сотталушы кәмелетке толмағандарға педогогикалық қызмет көрсетуге өмір бойы тыйым салып, 16 жылға бас бостандығынан айырды.
Төртінші жігіт 10 жылға сотталды. Төрт сотталушы да жазасын ҚАЖК мекемесінде өтейді.
Сот үкімі туралы Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сергей Викторенко айтты.
«Екі жылға кәмелетке толмағандармен педагогикалық және еңбек қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Кәмелетке толмағандарды асырау жөніндегі орташа тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтеуге жіберілсін» деді сот төрағасы.
Жігіттер қызға 10 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық