Boeing апаты: Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға Sriwijaya Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
«Мен осы жан түршігерлік апатта жақындарынан айрылған отбасылардың ауыр азабымен бөлісемін. Құдай оларды қайғы-қасірет кезінде батасын беріп, жұбатып, құрбан болғандардың жанын өзінің сүйіспеншілігі мен мейірімімен жарылқасын», - делінген жеделхатта.
9 қаңтарда Sriwijaya Air ұшағы суға құлап кеткен. Апатқа ұшыраған Sriwijaya Air жолаушылар ұшағында 62 адам болған. Boeing компаниясы Индонезияның авиакомпаниясымен байланыста екенін және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Индонезия құтқарушылары Ява теңізінен жексенбі күні таңертең дене бөліктерін, киім-кешек пен металл қалдықтарын шығарды. Фрагменттерді құтқару және іздеу тобы Ланканг пен Лаки аралдары арасынан тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық