Блогер Жаңабылов сотта «Zhana Business» курсынан қанша табыс тапқанын айтудан бас тартты
Фото Бейнеден кадр
Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында блогер Ерболат Жаңабылов пен оның жары Эльмира Төлегеноваға қатысты процесс басталды. Блогерге қатысты eOtinish платформасы арқылы 8 шағым түскен, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта туризм және спорт министрлігінің өкілдері 21 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Жаңабыловтың әрекетіне байланысты eOtinish платформасы арқылы сегіз шағым түскенін айтты.
Сот отырысында судья Малика Ноғайбекова блогерден Zhana Business атты оқу курсы мен көлік ұтысынан қанша қаржы түскенін, курстың құрылымы мен жүйесін жасаған адамның еңбекақысын атауды сұрады. Алайда Ерболат Жаңабылов жауап беруден бас тартты.
Сонымен қатар, Ерболат Жаңабыловтың адвокаты Олег Чернов сот процесі барысында оның құқықтары бұзылғанын айтып, сот отырысына прокурорлардың қатысуын талап етті. Ал блогердің жұбайы Эльмира Төлегенова сотта куәлік беруден бас тартты.
Еске салай кетейік, тамыз айында Instagram әлеуметтік желісінде Жаңабылов пен Төлегенованың парақшасында 10 автокөлік ойнататыны жайлы жазба жарияланды. Жазбада көлік Zhana Business ақылы оқу курсын 30 мың теңгеге сатып алғандардың арасында ойнатылатыны айтылған.
Артынша, бұл жағдай әлеуметтік желілерде сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағымдар түскен. Кейін Туризм және спорт министрілігі тексеріс жүргізілгенін және материалдардың сотқа жолданғанын айтты. Айта кетейік, еліміздің заңнамасына сәйкес, лотереяны тек ресми операторлар мен олардың агенттері ғана өткізе алады.
Ерболат Жаңабыловтың ісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы «Лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу» бойынша ұаралып жатыр.
Келесі сот отырысын судья Малика Ноғайбекова істі қарауды 15 қыркүйек күні сағат 15:00-ге қалдырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық