Блогер Әлішер Елікбаевтың салықшыларды сотта жеңгені рас па?
Фото: Instagram/ yelikbayev
Мемлекеттік кірістер комитеті сотта комитеттің блогер Әлішер Елікбаевтан жеңілгені жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Осы жылдың ақпан айында әлеуметтік желіде көптеген блогерлердің салықты төлемегені туралы ақпарат тарады. Олардың арасында Елікбаев та бар еді.
Блогер мәселені сот арқылы шешуді жөн көргенін айтып әлеуметтік желісінде жазба жариялады. Ол ешқашан салық заңнамасын бұзбағанын айтты. Оның сөзінше, өзіне аударылған қайырымдылық ақшаларының бәрі тиісті орнына жұмсалған.


Яғни, оның шотындағы үлкен аударымдардың бір бөлігі қайырымдылыққа — балалар хоспистеріне арналған реанимобильдерге, бүйрек трансплантациясы бойынша оталарға, Украинаға жабдықтар сатып алуға жұмсалған. Осылайша ол бұл қаражаттың барлығы тікелей қорларға, емханаларға жіберілгенін мәлімдеді.
Осы жазбасын негізге алған тілшілер жаңалықтар жаза бастады. Ақыры әлеуметтік желіде сот мемлекеттік кірістер комитетінің әрекетін заңсыз деп тапқаны және блогердің сотта жеңгені туралы ақпарат тарады.
Мемлекеттік кірістер комитеті бұл жайлы былай деді:
«Әлеуметтік желілерде блогер Әлішер Елікбаевтың мемлекеттік кірістер органдарын сотта жеңіп шыққаны жөнінде ақпарат таратылуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Сот оның талабын мәні бойынша қараған жоқ және мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттерін заңсыз деп таныған жоқ.
2025 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша, мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы немесе өзге де сот шешімдері мен жолданған хабарламалар жоқ.
Мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттерін заңсыз деп тану жөнінде таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
БАҚ өкілдерінен тексерілмеген деректерді жариялаудан бас тартуды сұраймыз», — деп мәлімдеді мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін, 15 тамыз күні Тоқаев заңға ұстаздардың құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық