Әбіләзов пен Қажыгелдин Қазақстанға қайтып келсе не болмақ?

cover

Ресей оппозиционері Алексей Навальный Германиядан оралған  сәтінде-ақ 17 қаңтар күні Мәскеуде ұсталды.

ORDA. қазақстандық оппозиционерлер Әкежан Қажыгелдин мен Мұхтар Әбіләзовтың елге оралуы мүмкін бе, ал орала қалған күнде билік бұған қалай қарайды деген сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Әкежан Қажыгелдин

Қазақстанның экс премьер-министрі, 1999 жылы оған халықаралық іздеу жарияланды. 2001 жылы ол қызмет лауазымын асыра пайдаланды, бірнеше мәрте пара алып, қоқан-лоққы жасады және басқа да қылмыстары үшін ҚР Жоғары соты оны айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркіледі. 2002 жылы оған «Бостандық паспорты» берілді, қазір ол шетелде тұрып жатыр.

Что будет, если Аблязов и Кажегельдин вернутся в Казахстан?

Что будет, если Аблязов и Кажегельдин вернутся в Казахстан?

Мұхтар Әбіләзов

Энергетика, индустрия және сауда экс министрі, БТА банктің директорлар кеңесінің экс төрағасы, ДВК –Қазақстанның Демократиялық Таңдауы оппозициялық қозғалысының жетекшісі.

2009 жылы БТА банкке байланысты оған халықаралық іздеу жарияланып, 2017 жылы сырттай 20 жыл бас бостандығынан айрылды. 2018 жылы Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты адам ретінде өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. Қазір Францияда тұрып жатыр.

ORDA. Қажыгелдинмен байланысуға тырысқан еді, алайда ол байланысқа шықпады. Әбіләзовтың біздің тілшіміздің «елге қайтуды қашанға жоспарлап отырсыз?» деген сұрағына жауабы төмендегідей болды:

«Мына режимді құлатқан соң. Менің жоспарым бойынша ең ары кеткенде екі жыл мерзімде айтқаныма жетемін деп ойлаймын».

Что будет, если Аблязов и Кажегельдин вернутся в Казахстан?

Қаңтардың 20 күні біздің тілшіміз Әбіләзовпен қайта байланысқа шығып мынадай жауап алды:

- Мен бұл сұраққа дүйсенбі күні тікелей эфирде жауап бердім.

- Бәрі инстраграмм, фейсбук пен ютубта тұр.

Что будет, если Аблязов и Кажегельдин вернутся в Казахстан?

Президенттіктен экс үміткер, саясаткер Әміржан Қосановтың Қажыгелдин мен Әбіләзовтың елге оралуы туралы пікірі:

«Ресейдегі Навальныймен болған оқиға қазақстандық саяси эмигранттардың елге қайта оралуы туралы мәселеге себепші болған қозғаушы тетікке айналғандай. Бірақ бұл осал шаруа емес. Қазақстан мен Ресейдегі авторитарлық биліктің ұқсастығына қарамастан бізде бірқатар айырмашылықтар бар. Мысал ретінде нақты биліктің әрқилылығы мен оның құрылымындағы ерекшеліктерді атауға болады».

Сондай-ақ Қосанов айтқандай:

«Әбіләзов пен Қажыгелдиннің өткен өмір жолдарын, оларға деген қоғамдағы және билік жүйесіндегілердің көзқарасын ескерсек, олар әртүрлі салмақ категориясындағы адамдар. Тіпті заң жағынан келгенде, сотталғандығы кешірілетін жағдайда Қажыгелдин - банк жүйесіндегі  қызметінде қателіктер жіберген экс банкирден жоғары тұр». 

Қосанов айтқан айырмашылықтар:

«Әкежан Қажыгелдин ең жемісті еңбек еткен премьер болды. Ол саяси мәселелерге жүйелі түрде келетін. Экс премьер қазақстандық демократиялық күштердің іс жүзінде бірігуіне қарсы келмейтін, билікке қарсы келе алғандарды қолдай білетін, Қажыгелдин банктерден миллиардтарды тонаған жоқ. 90-жылдардың аяғында оған «ұрлады» деп тағылған айыптар күлкілі еді.

Әбіләзов болса «жастүркшілдердің» бірі болатын. Ол табысты  бизнесмен, министр болды, оның бойында өте жоғары ұйымдастырғыш қасиеті бар. Ол қазір меніңше, жеке саяси өшін Назарбаев пен биліктегі басқа да адамдардан алу үшін күресіп, оппозицияда өзінен басқа тұлғаны көріп тұрған жоқ.

Еліміздегі жағдай ушыққан сайын оның көңіл-күйі жақсаратын сияқты. Шетелде отырып елді митингке шақырады, сөйте тұра ол биліктің алаңға шыққандарды аямайтынын да біледі.

Ол оппозициялықты монополияландырғысы келеді. Бұл мүмкін емес жағдай. Өйткені қоғамның өзі оппозиция сияқты әртүрлі, әдіс-тәсілдері де әралуан. Оның мінез-құлқы оппозициялық күштердің  бірігуіне бірнеше рет кедергі жасаған еді. Соның бірі мен президенттікке кандидат болып түскен сайлау кезінде де байқалды.

Дегенмен, ол көп жылдар билік төңірегінде жүріп қызмет атқарғандықтан астана сарайының ішкі сыр-қырын жақсы біледі. Сол себептен де биліктің беделін түсіруде ол білетін құпиялар сыртқа шыққаны дұрыс».


Солай десе де Қосанов «Қазақстандағы дәл қазіргідей  дағдарыс кезінде олардың білімі мен тәжірибесі еліміз үшін артық болмас еді», - деп атап өтті.

«Ең бірінші кезекте мен Қажыгелдинді атап өтер едім. Қазір біздің Үкіметімізге оның команда жинай білетіндігі, түйінді мәселелерді шеше білетіндігі, өзіне жауапкершілік алып, нақты нәтижелерге қол жеткізе алатындығы жетіспей тұр. Біздің басқа да шетелде тұруға мәжбүр болып жүрген азаматтарымыз, мысалы, медиаменеджер  Серік Медетбеков те қайтып келсе елге пайдасы тиер еді».

«Қалыпты жағдайдағы мемлекеттерде шетелде жүрген азаматтар елге оралып, лайықты өмір сүруіне болады. Егер олар кезінде заң бұзушылыққа барған азаматтар болса саясаттан аулақ әділ сот алдында жауап беруі тиіс».

Қосанов сондай-ақ қазіргі биліктің аталған адамдардың елге қайтуына қалай қарайды дегенге пікірін білдірді:

«Ең бірінші, Қажыгелдин мен Әбләзовқа байланысты саяси шешім Назарбаевтың билігі кезінде болды. Өздеріңізге белгілі, ол әлі биліктен кеткен жоқ. Тоқаев та олардың сөзін сөйлей қоймас. Өйткені оның өзіне де билік транзиті деген қауіп төніп тұр. Ал қоғамдық күштерге келсек, олар бүгін біркелкі емес. Тіпті оппозициялық көзқарастағы адамдардың өзі бөлшектеніп кеткен. Билікке де, биліктегі адамдарға деген көзқарастары әрқилы. Сондықтан жоғарыдағыдай белгілі бір тұлғаны бірауыздан қолдау немесе қарсы болу пікірі туралы айту қиын».

Бұл мәселе төңірегінде өз пікірін бизнесмен және саясаткер Серікжан Мәмбеталин былайша жеткізді:

«Дәл қазір Әбіләзов пен Қажыгелдин орала қояды деп айта қою қиын. Қажыгелдиннің жағдайы Әбіләзовке қарағанда жеңілдеу. Бірақ билікпен күресу үшін елде тұру міндет емес. Алайда осыған келгенде мен расында да 20 жылдан аса эмиграцияда жүрген Қажыгелдинге оңай еместігін сезем. Қазір ол Бергей Рысқалиевпен Жаңаөзен оқиғасына қатысы бар биліктегілердің тізімін жасаумен айналысуда (Магнитскінің тізіміндей).

Тізімнің алғашқы вариантын біз делегацияның «Жаңа Қазақстан» форумына қатысқан 2018 жылы Вашингтонда берген едік. Содан бері ол Мемдеп пен АҚШ-тың Қазынашылығында. Бұл тізімді олар аталған адамдарға жеке санкциялар салу үшін пайдалануда. Алғашқы тізімде Жаңаөзендегі митингке қатысқандарды атуға бұйрық берген жауапты 10 адам болған. Ол тізімде Назарбаев жоқ болатын. Қазір  тізімдегілер саны көбейіп жатыр. Оған Назарбаев та кіргізілді, өйткені қазір ол халықаралық қудалаушылықтан қорғалмаған. Сол себептен де осы жұмыстар аяқталмайынша олардың Қазақстанға оралуына негіз жоқ деп ойлаймын».

Мәмбеталин саясаткерлердің оралуына биліктің қалай  қарайтыны туралы:

«Биліктің көзқарасы белгілі – оларды экономикалық қылмыстар бабымен түрмеге тоғытады. Назарбаев кеткен соң, тақ үшін талас басталады. Сол кезде оралуға мүмкіндік туады. Ал оған дейін шетелден тақтың шайқалуына ықпал ететін жұмыстар атқарылуы керек. Айта кетерлігі, Қажыгелдин қарап жатқан жоқ. Ол шетелге шығарылған миллиардтаған долларлық активтерді тапты. Әрине, қазір қаржыны елге қайтарудың қажеті жоқ, олар бәрібір ұрланып кетеді. Билік өзгерген кезде Қажыгелдиннің біліктілігі өте қажет болады. Қазір қоғамдағы күштер олардың қайтып оралуына неқұрайлылық байқатады. Өйткені халық дәл қазір оппозицияның билікті төңкеруге  мүмкіңдігі жоқ екенін біледі.

Бірақ, өткен сайлау «жақсы өмір сүруге ықпал ететін өзгерістер болады» деген үмітті өшірді. Сондықтан енді алдағы уақытта халық оппозиция көсемдерінсіз-ақ, алаңға өздері шығып кетуі мүмкін. Халыққа уақытша шетелде тұрып жатқандар да қосылар, олар да шет қалмас».

Политолог Виктор Ковтуновский де оппозиционерлер оралған күнде, оларды қамау мен сот күтіп тұр деп есептейді.

«Біздің қоғамымызда оппозиционерлердің оралуы шыңдыққа жанаспайтын оқиға сияқты. Олар өз еркімен немесе алдын ала келісімсіз келе қоймас. Келе қалған күнде оларды сот пен түрме күтіп тұр. Ал бұған қоғам не дейді дегенге келсек, кереметтей қарсылықтар бола қоймас.»

Эксперт Сергей Дуванов та биліктің саяси оппоненттері орала  қалса, қамаудан басқа ешнәрсе күтіп тұрған жоқ дейді:

«Биліктің саяси оппоненттерге қолданатыны - Навальныйға Ресей не істесе, сондай болады. Біздің оппозиционерлерімізге сот шешімдері шығып дайын тұр, олар айыпты деп танылып тұр, сондықтан олар келе қалса темір тордың аржағынан бір-ақ шығады. Ал оларды қолдаушыларға келсек, әр қаладан 100-200 адамнан артық шықпайды».

Авторы: Анна Даниловская

Аударған: Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар