БҚО тұрғыны Ресей үшін майданға аттанып, қаза тапты
Фото: elements.envato.com
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Ресей үшін майданға аттанып, 2024 жылдың ақпанынан бастап хабар-ошарсыз кеткен.
Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедьяров facebook желісінде жазды.
Марқұм Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданының 61 жастағы тұрғыны болып шықты. Этникалық қазақ азаматы осыдан 30 жыл бұрын отбасымен Ресей Федерациясының Орынбор облысынан Қазақстанға көшіп келген екен.
«2023 жылдың соңында ол отбасына Ресей Федерациясына кетіп, өз еркімен соғысқа аттануға ниетті екенін айтқан. Туыстары оны бұл ойдан айнытуға тырысты, бірақ ер адам украиндық әскерилер орыс балаларын өлтіріп жатқанын және барлық украиндықтардың фашистер екенін айтып, алған бетінен қайтпай қойған көрінеді» деп жазады Ахмедьяров.
Марқұмның туыстарының айтуынша, ол үнемі пропагандалық ресейлік телеақпараттарды көріп, нәтижесінде соғысқа аттануға бел буған екен.
«2023 жылдың қарашасында Ресейге кетті. Бара сала Ресей азаматтығын алып, жасына қарамастан Ресей Қарулы Күштері қатарына қабылданды. «Град» қондырғысының атқышы ретінде майданға аттанды. Ал 2024 жылдың қаңтарында жарақат алғанына қарамастан соғысқа аттанды» деп қосты журналист.
2024 жылдың ақпан айынан бастап ер адам туыстарымен байланысқа шығуды тоқтатқан. 6 ай бойы хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болды. Тек тамыз айында ол қызмет еткен бөлімше командирі оның отбасымен байланысқа шығып, Дондағы Ростов мәйітханасында сақталған мәйіттердің арасынан оның кім екені анықталғанын хабарлады. Сол жерден оның сүйегі Қазақстанға жеткізілді.
Бұған дейін қазақстандық БАҚ ағымдағы жылдың мамыр айында Украинада Ресей жағында соғысқан Ақмола облысының 18 жастағы тұрғыны Данил Ермоленконың қаза тапқанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек
- Депутат тойдаға «үздік құда» марапаттарына қарсы шықты
- Қазақстандықтар қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы ала алады — Еңбек министрлігі
- «Қорғаста» ҚҚС-тан босатылған 19 инвесторға екі жыл бойы заңсыз төлем есептелген
- Жолда қыршын кеткен өмірлер: Мас жүргізушіге үкім шықты
- Неке бұзылған соң ортақ мүлік ана мен баланың келісімінсіз сатылмайды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың «тісін емдеген»
- «Air Astana» мен «FlyArystan» авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәлімет ұсынған